"Қамқор бол!" қайырымдылық жәрмеңкесі өтті
- 1 view
Жастар бөлімінің ұйымдастыруымен бүгін "Қамқор бол!" атты қайырымдылық жәрмеңкесі болып өтті. Студенттер әзірлеген тағамдар мән тәттілер жәрмеңкесіне профессор-оқытушылар да атсалысты.
Дәстүрге айналған жәрмеңкенің мақсаты – университет ұжымы мен студенттерінің санасына мейірімділік, сүйіспеншілік, қайырымдылық сияқты ізгі ұғымдарды қалыптастыру.
Сонымен қатар, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету, оларды рухани тұрғыда қолдап-қуаттау.
Жәрмеңкеден түскен қаражат көмекке мұқтаж жандар мен әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға жұмсалады.
Жастардың игі бастамасы көпшіліктің көңілінен орын алды.
Сондықтан бұл шара алдағы уақытта да жалғасатыны анық.