Мерей жас атаулы күнге орайластырылды
- 1 view
Биыл Жұмабек Тәшенев университетінің құрылғанына 25 жыл толып отыр. Жоғары оқу орнының мерейлі белесіне орай бүгін педагогика және жаратылыстану ғылымдары факультеті «Математика және информатика» кафедрасының ұйымдастыруымен университетімізге еңбегі сіңген ардагер оқытушы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Тіллә Досыбекқызы Бердалиеваның 70 жылдық мерейтойына арналған «Педагог ғалым, ұлағатты ұстаз» ғылыми-педагогикалық семинары болып өтті.
Іс-шара аясында физика оқу-зертханасының ашылу рәсімі өтіп, университеттің әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ғалымжан Битұрсын университет басшысы Қанат Байболовтың мерейтой иесіне арналған ыстық ілтипатын жеткізіп, құттықтау хатын табыстады. Жиынға қатысушылар Тіллә Досыбекқызының отандық педагогикалық ғылымға қосқан өлшеусіз үлесі жөнінде ой қозғап, ғалымның бірегей өмірлік жолы, тың шығармашылық ізденістері туралы өнеге боларлық естеліктерімен бөлісті. Ұлағатты оқытушының жоғары білім саласына сіңірген көп жылдық еңбегі жаңа буын педагог мамандарын даярлауға жәрдемші болып отырғаны айтылды.
Семинар жұмысы әрі қарай секциялар бойынша жалғасын тауып, оған қатысушылар PhD., доцент С.А.Пазылбектің «Бейорганикалық наноматериалдарды синтездеу, оптикалық қасиеттерін зерттеу», PhD., аға оқытушысы Ә.Ә.Сәрсенбінің «Инволюциясы бар параболалық түрдегі дифференциалды теңдеулер үшін аралас есептердің корректілігі», аға оқытушы Ә.Қ.Бүркіттің «Жаратылыстану-математика бағыты бойынша жас өнертапқыштарды ғылыми жоба байқауына дайындау әдістемесі», аға оқытушы М.Катпаеваның «Бейіндік сыныптарда «Механика» курсын жүргізу ерекшеліктері» тақырыптарындағы баяндамаларын тыңдады.
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет