Ұрпақ саулығы
- 1 view
29-қазан – алькогольден бас тарту күніне орай салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында тәрбие-насихаттық іс-шара болып өтті. 25-қазан күні «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» орталығының дәрігері Ахметова Перизат, аудандық «Әйелдер кеңесі» төрайымының орынбасары, аудандық ардагерлер кеңесінің хатшысы Өмірбай Камира Сламбекқызы, ардагерлер кеңесінің кеңесшісі Жұмабаев Мұғалбек Жүнісұлы, Мақатарал ауданы емханасының нарколог дәрігері Динтаева Салтанат, Жетісай қалалық емханасының акушер-гинекологы Зербаева Феруза, Жастар орталығының психологы Сұлтанова Гүлнұр университет студенттерімен кездесті.
Іс-шараны ашып берген тәрбие істері және әлеуметтік мәселелер проректоры Н.С. Тленчиева бүгінгі қоғамда денсаулық мәселесі өзекті екенін атап, жастардың назарын келген қонақтарға аударып, таныстырды.
Бүгінгі таңда жастар арасындағы маскүнемдікке салыну, темекі тарту, нашақорлық, ерте жастағы жүктілік мәселелері індеттеп барады. Камира Сламбекқызы статистикалық мәліметтерде Оңтүстік Қазақстан облысы аталған мәселелер бойынша алдыңғы қатарда тұрғанын атап өтті. «Маскүнемдік адамның денсаулығына, тұрмысына, еңбек қабілетіне және қоғам өміріне зиян келтіреді, мінез-құлықты бұзумен қоса, қылмысқа да итермелейді, отбасының берекесін кетіреді. Ішімдіктің болашақ ұрпаққа зиян екендігі де дәлелденген, маскүнемнің балалары көп жағдайда кеміс, ақыл-есі кем болып туады», - деп, жастарды салауатты өмірге үндеді.
Ардагерлер кеңесінің мүшесі Мұғалбек Жүнісұлы сөз алып: «29 қазан — дүиежүзілік алкогольден бас тарту күні болып жарияланғаны белгілі. Қазақстан мен бүкіл әлемге қауіп төндіріп, жүйке-неврологиялық және басқа да инфекциялық аурулардың өршуіне әкеліп соқтыратын, бауыр циррозы, қатерлі ісіктің әр түрлері мен мезгілсіз, ерте өлімнің негізгі себебі боп табылатын «ащы суға» тәуелділіктің алдын алу мақсатында атап өтіліп жүрген даталы күн барын біреу білсе, біреу білмейді. Елімізде жылда тіркелетін кісі өлімінің 11 пайызы осы ішімдіктің әсерінен болатындығын айтып отыр мамандар», - деді.
Сонымен бірге нарколог дәрігер Динатаева Салтанат нашақорлықтың денсаулыққа тигізетін зиянын айтып, жастарды бұл «әзәзілге» қарсы қоғам болып күресуге шақырды. Акушер-гинеколог Зербаева Феруза бүгінгі таңдағы трагедия тәрбиеден басталып жатқанын айтты: «Ерте жастағы жүктілік – болашаққа балта шабады.
...Бұқаралық ақпарат құралдарында сүйенсек, Қазақстанда жылына 20 мың жасөспірім жүкті болып, оның тең жартысы түсік жасататын айтып отыр. Бұл – ұлтымыз үшін індет».
Салауатты өмір салтын қолдап, саналы ұрпақ тәрбиелеу – қашанда біздің алға қойған мақсаттарымыздың бірі. Осы мақсатқа жету жолында аянбай тер төксек, жемісімізді көреріміз сөзсіз.
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет