Балықтың анатомиялық және морфологиялық құрылысы

2017-2018 оқу жылында "Өркен" студенттік ғылыми – үйірмесінің жоспарына сәйкес "Балықтың анатомиялық және морфологиялық құрылысы" тақырыбында үйірме жұмысы жүргізілді.

Үйірме жұмысына "Биология" кафедрасының профессор-оқытушылары мен үйірме мүшелері, Ғылыми істер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, г.ғ.к., доцент А.Д. Тажекова, университеттің Ғылыми істер жөніндегі маманы Н.С.Аманбаев және өзге кафедралардан үйірме жетекшілері қатысты.

Ғылыми үйірме жетекшісі ғ.м., оқытушы С.Ж. Абдуова және доцент Р.А. Кашкаров жұмыс барысында студенттерге тәжірибе барысында шортан, қара балық және торта балықтарынның морфологиялық, физиологиялық және биологиялық талдаулары жүргізілді.

Ғылыми зерттеу базасында кеңінен қолданылатын қажетті құрал-жабдықтар: бинокуляр, аналитикалық таразы, штангин циркуль, сызғыш көмегімен балықтардың ішкі және сыртқы құрылысын, ұзындығын, салмағын, жыныстық гонадалар жағдайын, жалпы биологиялық құрылымдары зерттелінді.

Үйірме мүшелері балықтар туралы қосымша мәліметтер айтып, қызықты мол ақпарат берді. Студенттер ихтиология және гидробиология сабақтарынан өткен мәліметтерді еске түсіріп, алған теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырды.