«География әлеміне саяхат» - интеллектуалдық сайысы

19.02.2025ж. күні «Тарих және география» кафедрасындағы «Өркениет» студенттік ғылыми үйірмесінің ұйымдастырылуымен «6В01514 – География IP», «6В01509 – География-тарих»  мамандықтарының 1-курс студенттері арасында «География әлеміне саяхат» атты интеллектуалдық сайыс өтті.

Сайыстың мақсаты: Студенттердің география пәндерінен алған білімдерін толықтыру, кеңейту, өмірде қолдана білуі. Студенттердің  ой-өрісін  кеңейту,  ойлау, сөйлеу  қабілетін дамыту. Студенттердің география пәніне деген қызығушылығын ояту. Сайысқа «Жас Географшылар» және «Саяхатшылар» топтары қатысты.

Сайыс барысы 5 кезеңнен тұрды:
1. Блиц турнир (сұрақтар);
2. Жұмбақ;
3. Картамен жұмыс;
4. Қара жәшік;
5. Топ басшылар сайысы.

Сайыс нәтижесін қорытындылай келе, I дәрежелі дипломмен «Жас Географшылар» тобы, II дәрежелі дипломмен «Саяхатшылар» тобы марапатталды. Сайысқа белсенді қатысқан студенттер А.Ахмет, З.Сайдиганиева, Ш.Сапарбеков, М.Иса алғыс хатпен марапатталды.
Сайысымыздың жеңімпаздарын құттықтаймыз! 
Барлық қатысушыларға география пәніне қызығушылық танытып, байқауға белсенді қатысқандары үшін және нағыз білім мерекесі атмосферасын құрғаны үшін алғыс айтамыз!

«Тарих және география» кафедрасы
«Өркениет» студенттік ғылыми үйірмесі

 

Оқиға категориялары