Мектеп оқушыларымен пікірсайыс турнирі болып өтті

Бүгін Университеттің "Достық" пікірсайыс клубының жетекшісі, Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының үшінші курс студенті М.Муталиевтың ұйымдастыруымен Мақтаарал ауданы Жетісай қаласындағы "Тұран" мектеп-гимназия" комуналдык мемлекеттік мекемесі оқушыларымен жолдастық кездесу болып өтті. Пікірсайыстың мақсаты – мектеп оқушыларының пікірсайыс алаңындағы сөйлеу мәдениетін, ізденісін, өзіндік ой қорытуы мен сөз саптауын, елдегі орын алып жатқан өзгерістерге деген көзқарасын білдірудегі қабілеттеріне ықпал ету. Мақсаты айқын жастар өзектілігі бар тақырыптарды таңдап, қызықты ойын көрсетті.

Пікірсайыстың алғашқы кезеңінде "Тұран" және "Ұлтжандылар" фракциялары "Қазақстан жастарына сапалы білім алуға жағдай жасалған деп есептейді", екінші кезеңде "Қыз алып қашу ақтала ма?" "Мектеп оқулықтарын жеке баспаға беру ақтала ма?" тақырыбында тартысты ойын көрсетіп, пікірсайыс талабына сай тақырыптың үкіметтік, оппозициялық аргументтерін, философиясын нақтылады, сарапшылардың сараптамасын байыппен бағамдады.

Үлкеннің кішіге ізеті, кішінің үлкенге деген құрметі көрініс тапқан жолдастық кездесу нәтижесінде мектеп-гимназияның оқушылары жеңімпаз болды.

Баспасөз қызметі