Педагогикалық білім беруді жаңғырту
- 1 view
А.Ж.Ташенев атындағы университет Филология факультетінің профессор- оқытушы құрамынан 20 оқытушы 2024 жылдың 5-19 қаңтар аралығында "Педагогикалық білім беруді жаңғырту" атты біліктілік курсынан өтуде. Университеттің білікті мамандары білім көтеруде белсенділік танытып, оқытудың инновациялық технологияларының түрлерімен танысу үстінде.
Курс мақсаттары: профессор- оқытушылардың оқытуда инновациялық технологияны қолдануды жетілдіру. Білім беруде оқытушыларға оның көп көмегі болары анық.