Оқу ордамызбен танысты

Университетімізде "Ашық есік" апталығы басталды. Енді бір апта бойы Шымкент қаласындағы мектеп бітіруші түлектер бекітілген кестеге сай оқу орнында болып, тыныс-тіршілігімен, білім беру процессімен және оқу базасымен танысады. Мүмкіндіктерімізді көреді. 
Бүгін бірқатар мектептер мен колледждердің оқушылары оқу ордамызда болды. Университеттің әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі проректоры Ғ. Битұрсын мен факультет декандары түлектерге Тәшенев университетінің құрылу тарихы, білім беру бағдарламалары, оқытушы-профессорлар құрамы жөнінде кең мағлұмат берді. 
Университетіміздің көпсалалы екені, мұнда педагогикалықпен бірге ауылшаруашылық, техникалық мамандықтардың да бар екені айтылды. 5 шет ел мемлекетімен келісім шарттың жасалғаны, қосдипломды жүйе негізінде мұндағы оқуын шетелде жалғастырып, екі жақтан да диплом алуға болатыны жеткізілді. Мұнда бакалавриат бойынша 34, магистратура бойынша 6 мамандықты игеріп шығу қарастырылған. 
Келушілердің арасында «Фемида» қаржылық құқықтық колледжі, «Мирас», «Жол-көлік» және «Саз», «Жалын» колледждері мен қаладағы №4, №82, №50, және №128 жалпы білім беретін мекемелердің оқушылары бар.