"English Club" үйірмесі ашылды

"Шетел тілдері" кафедрасының ұйымдастыруымен, университет студенттері үшін "English Club" үйірмесі ашылды.
Клубтың мақсаты: Студенттердің шет тілінде ойын еркін жеткізіп сөйлеуі, оқу қабілеттерін дамыту, тілдік кедергіден өтуге көмектесу, өзекті мәселелерді талқылауға үлес қосу.
Клуб кездесулері аптасына бес рет, әр дүйсенбі, сейсенбі,сәрсенбі,бейсенбі және жұма күндері сағат 15:00-16:00 аралығында тақырып аясында талқылау, дебат, ойындар ұйымдастыру, спикер шақыру т.б. форматында өтеді.
Студенттердің қашықтықтан оқу форматына өтуіне байланысты “English Club» үйірмесі өз жұмысын онлайн форматта жалғастыруда.
Карантин уақытын тиімді өткізгілері келген студенттер аптаның бес күнінде сағат 15:00-16:00 аралығында видеоконференцияға арналған Zoom қосымшасы арқылы кездесулерге қосыла алады. 
Байланыс телефоны: 87476070426
 

Теги: