Студенттеріміз биіктерден көрініп жүр

Университетімізде студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жандандырып, ғылыми құзыреттіліктерін жоғарылату мақсатында атқарылатын жұмыстардың жоғары деңгейін көрсететін іс-шаралар реті үздіксіз жүргізіліп келеді. Мұндай шараларға әсіресе «Педагогика және психология» кафедрасы ерекше үлес қосуда. 
Оқу жылының 2 семестрінде «ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Заманауи ғылым» атты ІХ Республикалық студенттердің ғылыми жұмыстар сайысына «Педагогика және психология» кафедрасының 1-4 курс студенттері қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Ғылыми жұмыстардың арасында киберпсихология бойынша тың тақырыптар да қозғалған. 
Орталық сайыс жеңімпаздары болып танылған білім алушылар Ұлдана Раш, Даяна Досқалиева, Ақжүніс Расул мен ғылыми жұмыстарға дайындаған жетекшілері Tashenev University ғылыми және зерттеу жұмыстары жөніндегі проректор Шолпан Арзымбетова және кафедра меңгерушісі Мадина Байбековаға дипломдар табыс етті.