Белсенділіктері үшін марапатталды

Шымкент қаласы Абай атындағы қалалық әмбебап кітапханасында “Дін-ғылымның негізі, қоғамның тірегі” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жастарды адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында өткен іс-шараға қонақтармен қатар университетіміздің аға оқытушысы Шолпан Серикбаева мен "Филология” кафедрасының білім алушылары да қатысып қайтты. 
Онда «Бибі Сара ана» мешітінің бас имамы Самат Анарбаев Шымкент қаласы дін істері басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог мамандары тәрбиелік мәні бар тақырыптарда сөз қозғады. 
Басқосу барысында Tashenev University “Педагогика және филология” кафедрасының ПФ-22-1К топ білім алушылары көтерілген тақырып аясында жыр-шумақтар оқып, белсенділік танытып отырды. Шара соңында университеттің аға оқытушысы Шолпан Серикбаева мен ПФ-22-1К топ білім алушылары Алғыс хатпен марапатталды.