ЕЛ ҮМІТІН АРҚАЛАҒАН ТӘШЕНЕВ ЖАСТАРЫ

Елімізде жастарды кешенді дамытуға бағыталған ұлттык деңгейдегі жалғыз жоба -«Ел үміті» медалі иегерлері анықталды. Бағдарлама 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттык мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы. Бағдарлама аясында 20 мыңнан астам қатысушы қатысып, оның ішінде «Жумабек Ахметулы Тәшенев» университетінің «Филология» факультетінің тәрбие жөніндегі аға оқытушысы Шолпан Серикбаеваның жетекшілігімен «Шетел тілдері» кафедрасынан 9 білім алушы, «Тілдер жане адебиет» кафедрасынан 1 білім алушы қатысып, «Ел үміті» медалі иегері атанды. Қола деңгейіндегі медальдармен – 7 студентіміз, күміс медалмен - 3 студентіміз марапатталды. 
Университет ректоры, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Қанат Сейтжанұлы мен университеттің оку-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Парида Тұрғынбайқызы марапатка ие болған студенттерімізді арнайы құттықтап, білім жолына табыс тіледі! 
Барлық медаль иегері, мақтаныштарымызды біз де университет атынан шын жүректен құттықтаймыз! 
Жарайсыңдар!