Құттықтаймыз!

Бүгін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педогогикалық университетінің 85 жылдық мерей тойы. 
85 жылдық тарихы бар Оңтүстіктегі ұстаздар ұстаханасы аталып кеткен осынау жоғары оқу орнының тарихында Tashenev University негізін қалаушы Оңалбай Аяшұлының есімі алтын әріппен жазылады. Аталған жоғарғы оқу орнын 10 жылға жуық басқарған көрнекті қоғам қайраткерінің ОҚМПУ-дің мемлекеттік мәртебесін қайтаруына, университет атағын алуына қосқан үлесі ұшан-теңіз. 
Бүгін мерей той тұсында Оңалбай Аяшұлының еңбегі еленіп, оған Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педогогикалық университетінің ҚҰРМЕТТІ РЕКТОРЫ атағы берілді. Осынау марапатты ОҚМПУ басқарма төрағасы-ректор Г. Сүгірбаева табыс етті.