ҚҰТТЫҚТАУ

УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ ҚАНАТ СЕЙТЖАНҰЛЫНЫҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті арулар, қымбатты әріптестер!

Сіздерді шуақты көктемнің ең ізгі, мейірім мен сүйіспеншілікке толы шұғылалы мерекесі - «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен» шын жүректен құттықтаймын!

Әдеміліктің символы болған әйелдер – әлемнің тірегі. Жер бетіндегі тіршілік атаулы анадан бастау алып, ананың мейірімділік шуағынан сенім мен жігер алады. Кез-келген қоғамда әйелдер әлемі- маңызды мәнге ие.
Ардақты аналар мен аяулы қарындастарымыз барлық салада жемісті еңбек етіп, еліміздің дамуына өз үлестерін қосуда. Біздің оқу ордамыздың да бүгінде аз уақытта үлкен нәтиже көрсетуі – Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында.

Осы ретте, отбасының ұйытқысы болып отырған, ұрпақ тәрбиесінің бастауы болған, білім саласында өзіндік үлесін қосып келе жатқан, профессор, ғалым, ұстаздарымызға, әріптестерімізге шынайы ықыласыммен алғысымды білдіргім келеді.

Құрметті ханымдар!

Көктеммен бірге келген шуақты мерекелеріңіз құтты болсын! Жүздеріңізден мейірім шуағы төгіліп, әрдайым әлемді әлдилей беріңіздер! Сіздерге баянды бақ, берекелі ғұмыр, отбасыларыңызға шаттық пен қуаныш тілеймін!

Мереке құтты болсын!