Халықаралық әйелдер күні!

Қадірменді қыз-келіншектер, аяулы ақ жаулықты аналар!
Сіздерді көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жеткен 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! 
Әйелдер - әлемге мейірім мен жаңа өмір сыйлаушы нәзік жан иелері. Әрбір шаңырақтың шаттығын жарастырып отырған аяулы жандарға зор құрмет көрсету - қай ұрпақтың да перзенттік парызы болып қала бермек. Сіздер бұл өмірге тек ізгілік пен жылылық, мейірім мен шуақ сыйлаушы жандар ғана емес, тіршілік атаулының ең асыл абзалы деген құрметке лайықсыздар. Шаңырақтарыңызға шаттық, зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін.
Тәлім мен тәрбиенің іргесі саналатын осынау оқу ордамызда бүгінгі таңда 150-ден аса қыз-келіншектер жұмыс істейді. Ынтымағы жарасқан ұжымда бір қолымен бесік тербетіп отырған аруларымыз, екінші қолымен саналы шәкірт тәрбиелеп отыр. Баршаңыздың асыл армандарыңыз орындалып, көктемнің осынау шуақты мерекесі көңілдеріңізді нұрға бөлесін! 

Б. ТОҚМЫРЗАЕВ, 
Tashenev University ректорының міндетін атқарушы