Құрметті ұстаздар, білім саласының қызметкерлері!

Сіздерді дүниежүзілік мұғалімдер күні кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Мұғалім – мәртебелі мамандық иесі. Адамзат қоғамдастығының зиялы шоғырын қалыптастырып, тәрбие, білім және ғылым биігіне бастайтын ұстаздар қоғамның ең алдыңғы қатарлы өкілдері болып табылатыны ақиқат.

Көрнекті мемлекет қайраткері Жұмабек Тәшеневтің есімін иеленген университет отандық білім беру жүйесіне кәсіби педагогтар даярлайтын жоғары оқу орны екенін әркез мақтан тұтамыз. Елімізге қажет жаңа буын мұғалімдер тәрбиелеп, ұстаздың ізденушілік, зерттеушілік қабілетін ашуға, өнертапқыштық қасиетн шыңдауға, шығармашылық қабілетін арттыруға үлес қосып келеміз.

Жаңа формацияның мұғалімі отандық білім жүйесін жаңа деңгейге көтереді деген сенімдемін. Мемлекет деңгейінде педагог кадрларды тиімді қолдау тетіктері қалыптасты, мұғалімдердің құқықтары арнайы заң талаптарымен қорғалып отыр. Абыройлы кәсіп иелерін әлеуметтік тұрғыда қорғаудың оңтайлы мүмкіндіктері жасалды. Мұның бәрі қоғамның ұстазға деген құрметінің, ерекше ілтипатының белгісі деп білемін.

Қадірменді білім жүйесінің қызметкерлері, әріптестер!

Баршаңызды ұстаздық қызметтің ұстанымына адал болуға шақырып, жас буынның жан-жақты өсіп жетілуіне сіңіріп жатқан еңбектеріңізе табыстар тілеймін!
Әрқашан мерейлеріңіз үстем болсын! Ұстаз бақыты – озып туған шәкірті дейтін алтын қағидат әрбіріңіздің еңбек тәжірибелеріңізде кезіге берсін!

Қ.С.БАЙБОЛОВ,
Tashenev University ректоры