"Мектепке дейінгі оқыту және психология" кафедрасы

Алимова Құндыз Шайыпқызы

Мектепке дейінгі оқыту және психология кафедрасының меңгерушісі, PhD докторанты

Өмірбаян

✆ Телефон: +7 702 677 0787

✉ E-mail: info@tashenev.edu.kz

Кафедра туралы

Біз педагогика ғылымдарының түлегі үшін қажетті негізгі құзыреттіліктер мен оқыту нәтижелерін қалыптастырудың заманауи тәсілін жүзеге асырамыз. «Білім беру технологиялары» кафедрасы «Бастауыш мектепте жекелеген пәндерді оқыту әдістемесі», «Тәрбие жұмысының әдістемесі», «Педагогика» мамандандырылған кабинеттерімен жабдықталған. Кафедрада «Ізденіс» студенттік ғылыми үйірмесі жұмыс істейді. Үйірме жұмысына ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытатын студенттер қатысады. Үйірме сабақтарында студенттерге ғылыми-зерттеу жұмыстарының дағдылары үйретіледі, студенттердің ең жақсы еңбектерін жариялау насихатталады, студенттердің ғылыми жұмыстарына, студенттердің ғылыми конференцияларына, олимпиадаларына конкурстар ұйымдастырылады және өткізіледі.
Осы оқу бағытын таңдаудың артықшылығы - жұмысқа орналасу орындарының кең таңдауы: бұл үнемі білікті оқытушылар құрамына зәру білім мен ғылым саласы.

Профессор оқытушы құрамы

Профессор-оқытушылар озық педагогикалық тәжірибелерді қолданып, педагогикалық эксперименттер өткізіп оның нәтижелерін оқу процесіне енгізуде және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен үздіксіз айналысады. Халықаралық және Республикалық деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, ғылыми мақалалары мен оқу-әдістемелік материалдарын ғылыми басылым беттерінде жүйелі түрде жариялап келді.

Білім беру бағдарламалары

Кафедрада төмендегідей білім беру бағдарламасын дайындайды: 

6В01201-“Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу”

6В01301- «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»

7М01301- «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі».

Оқу-әдістемелік жұмыс

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы университет құрамдас бөліктеріне және студенттердің таңдауы бойынша оқу-әдістемелік кешендерді әзірлейді, оқу-әдістемелік семинарлар жүргізеді, ашық сабақтар жүргізеді, оқу-әдістемелік құралдарды шығарады, электронды оқу басылымдарын әзірлейді, ашық онлайн курстарын жүргізеді, белсенді үлестірме материалдар дайындайды, құрастырады. ЕП, ҚҰМОД, оқу үдерісіне инновациялық педагогикалық технологияларды енгізеді, Әділет министрлігінен авторлық куәліктер алады.

 

Жаңа пікірді жазу

Бұл өрістің мазмұны құпия ретінде сақталған және жарияланып көрсетілмейді.

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.