Аккредиттеу бойынша оқыту семинары

Білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеуден өтуге дайындау мақсатында 2024 жылғы 10 қаңтарда Білім беру бағдарламаларын әдістемелік қамтамасыз ету бөлімімен «Мамандандырылған халықаралық аккредиттеу стандарттарының тиісті критерийлері бойынша білім беру бағдарламасының өзін-өзі бағалау нәтижелері бойынша есеп дайындау» тақырыбында оқыту семинары өткізілді. Семинарға қатысушылар Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (IQAA) және Аккредиттеудің Тәуелсіз Қазақстандық орталығы (АТҚО) мемлекеттік емес мекемесінің стандарттарымен танысты, есептерді дайындау бойынша ұсынымдар берілді.

Оқиға категориялары