Алдағы басымдықтарды айқындап берді

Shymkent kelbeti

Сілтеме: https://shymkala.kz/index.php/world/item/11483-alda-y-basymdy-tardy-aj-yndap-berdi

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын ұжым болып толық тыңдадық.
Ел Президенті әлеуметтік, саяси, экономикалық салаларға қатысты алдағы басымдықтарды айқындап берді. Қазіргі таңда бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін арттыруға, елді дамытудың сапалы жаңа деңгейіне шығаруға әлі де мүмкіндіктер беріліп отыр. Сол мүмкіндіктерді дұрыс пайдалана отырып, экономикалық өсімді қалпына келтіру, халықтың әл-ауқатын арттыру, құқық қорғау жүйесін әрі қарай жаңғырту, саяси реформаларды жалғастыру мәселелеріне жан-жақты тоқталып, Парламент пен Үкіметтің алдына нақты міндеттер қойды.
Жолдаудың басым бөлігі дағдарыстан кейінгі кезеңдегі экономикалық және халықтың әлеуметтік мәселелеріне арналды. Жоғары оқу орындарында жастардың салауатты өмір салты мен шығармашылығына ерекше көңіл бөлу керектігін айтты.
Сондай-ақ бұл құжатта Президенттің ғылым саласын дамытуға ерекше назар аударғанын байқауға болады.
Үкіметке әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 ғалымның тағылымдамадан өтуін және «Жас ғалым» жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін 1000 грант бөлуін тапсырды. Президентіміз ел тағдырына жаны ашитын әрбір азаматқа зор сенім артып, ел азаматтарына алдағы келе жатқан реформаларға дайын болып, күш-жігерін аямай, еңбек етуге шақырды.
Сан саланы қамтыған Жолдау біздің бірігіп ел үшін жауапкершілікті сезінуімізді жүктеді. Бұл ретте әрбір Қазақстан азаматы барынша үлес қосуы керек деп білемін.

Дархан АРТЫҚБАЕВ,
Тәшенев универсиеті,
«Өнер және Саз» кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор.

 

Жаңа пікірді жазу

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.