Бос орындар жәрмеңкесі

Құрметті Жұмабек Ахметұлы Тәшенев университетінің студенттері!

Сіздерді 24 сәуірде сағат 09:30 - 12:30 аралығында университеттің бас ғимаратында өтетін жыл сайынғы Бос жұмыс орындары - 2024 жәрмеңкесіне қатысуға шақырамыз. Іс-шараға 30-дан астам жұмыс беруші мекемелер қатысады.
     Бос орындар жәрмеңкесі  университет үшін де, студенттер үшін де маңызды іс-шара болып табылады. Мұндай іс-шаралар жұмыс берушілер арасында үлкен жетістікке ие, себебі бірнеше сағат ішінде көптеген түлектермен кездесуге және өздерінің  компанияларының әлеуетті қызметкерлерінің деректер қорын толықтыруға мүмкіндік береді. Түлектер беделді компанияларға жұмысқа шақырту алу мүмкіндігіне ие.
Бос орындар жәрмеңкесі барысында сіз келесідей мүмкіндіктерге ие боласыз:
• Әр түрлі салалардағы бос жұмыс орындарын ұсынатын белгілі компаниялардың өкілдерімен кездесу;
• Өз қызметін енді бастаған, бірақ қызықты бос жұмыс орындарын ұсынып жатқан жаңа компаниялармен танысу;
• Жұмыс берушілер ұсынатын әртүрлі бос орындарға үміткерлерден іздейтін талаптар, қажетті дағдылар мен қасиеттер туралы білу;
• Студенттер мен жас мамандар үшін тағылымдамадан өту бағдарламалары және басқа мүмкіндіктер туралы білу;
• Әртүрлі салаларда жұмыс істейтін мамандардан құнды кеңестер мен ұсыныстар алу.
Сіз бос орындар жәрмеңкесіне қосылып, болашақ мансабыңыз үшін пайдалы тәжірибе аласыз деп үміттенеміз.

Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университеттің Мансап және жұмысқа орналастыру орталығы.