
“Department of "Kazakh language and literature"”
Кафедра тарихы 1999 жылы 1 қазаннан басталады. Кафедра қазақ тіл мен әдебиеті,өзбек тілі мен әдебиет мұғалімдерін даярлайды. Білім саласында жүйелі білім қалыптастыра алатын,оқу үрдісін заманауи талаптарға сәйкес деңгейде ұйымдастыру қабілетіне ие, ғылыми зерттеулерді,жобалық жұмыстарды, жүзеге асыра алатын қазақ тілі мен әдебиеті , өзбек тілі мен әдебиет мұғалімін дайындауда үздіксіз қызмет атқаруда.
Кафедраның негізгі мақсаты білім берудің концептуалдық принциптері негізінде білім беру мен ғылымды іргелендіру, ізгілендіру, ақпараттандыру және интеграцияландыру мәселелері қамтылған және оқыту мен тәрбиелеу интеграциясын қамтамасыз ету, білім беру үдерісінде, салауатты ортада жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуы, жас ұрпақтан бәсекеге қабілетті сұранысқа ие білім алушыларға білім беру қызметін ұйымдастыру және жүргізу болып табылады.
Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры дипломын алған студент барлық типтегі және түрдегі орта білім беру мекемелерінде,техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында, мамандандырылған мектептер мен орта (гимназиялар, лицейлер) және арнаулы орта (колледждер) оқу орындарында,баспа ісінде және мерзімді бұқаралық ақпарат құралдарында, кітапханада қызмет атқара алады.
«Кітапхана ісі» мамандығы негізгі кәсіби мағынасы ақпаратты іздестіру, өңдеу, сақтау, тарату, пайдалану және әр түрлі әдістермен, соның ішінде, интерактивті қарым-қатынас арқылы пайдаланушыларға кеңес беру боп табылады. Кітапхана саласы ақпарат және білім орталығы ретінде, ақпаратты беру мен табу, іздестіру жолдарын білуде кітапханашы мамандар бірінші кезекте, жоғары ақпаратты біліммен қаруланған, өз ісінің шебері, әмбебап маман болу керектігі басты назарда.
Кафедра студенттердің интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін,сонымен қатар сыни ойлауды дамытуына басты назар аударады. Кафедраға қарасты аудиториялар «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Абайтану», «Өзбек тілі мен әдебиеті орталығы» интербелсенді тақта, заманауи жабдықтармен жабдықталған.
Кафедра оқытушыларының ғылыми деңгейі жоғары.
Кафедрада 16 білікті оқытушылар мен ғалымдар қызмет атқарады. Оның ішінде 3 доцент, 1 қауымдастырылған профессор, 5 ғылым кандидаты, 1 РhD, 5 ғылым магистрі жұмыс жасайды.
Кафедрада меңгерушісі Жантасова Зылиха Тұрарқызы ҚР жазушылар одағының мүшесі. «Мейірім мұнарасы» авторлық бағдарламасының жүргізушісі.
Кафедраның қауымдастырылған профессоры Абенова Лаззат Усманқызы 2021 жылы «Жоғары оқу орынының үздік оқытушысы» атанды.
Кафедраның ф.ғ.к., аға оқытушысы Мамыт Амангелді Алтыбайұлы 2023 жылы «Үздік педагог-23» номинациясымен марапатталды.
Кафедра профессорлары мен оқытушылары қазіргі қазақ тіл білімі мен әдебиетінің өзекті мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Жылдық жоспарларға сәйкес кафедра бұл бағытта отандық және шетелдік ғылыми-практикалық конференцияларға қатысады, ғылыми жарияланымдар, мақалалар, оқу-әдістемелік материалдар, монографиялар шығарады. «Тілдер және әдебиеті» кафедрасының ұжымы Қазақстан Республикасының білім, ғылым, мәдениет, жоғары білім беру саласында жұмыс істейтін білікті мамандарды даярлау бойынша көптеген жұмыстар атқаруда.
"Тілдер және әдебиет" кафедрасының ПОҚ тізімі
1. Абенова Лаззат Усманқызы
2. Арынбаева Рана Ануарбековна
3. Айткулова Гульмира Арипкановна
4. Жантасова Зылиха Тұрарқызы
5. Байболова Айжан Жанасбекқызы
6. Мамыт Амангелді Алтыбайұлы
7. Нұрпейісов Нариман Жұмашұлы
8. Мусаева Суйкум Тулембаевна
9. Мұса Нұрбала Бекболатқызы
10. Қалыбеков Болат Ермекұлы
11. Смайыл Ақмарал Халиқызы
12. Сырайлова Ғализа Маденқызы
13. Саткулова Қарлығаш Молдабекқызы
14. Тастыбаева Райхан Кошқарбайқызы
15. Тұрабаева Ләззат Қалықұлқызы
16. Кукеева Мира Кұлшімбайқызы
17. Бекмырза Сұлушаш Бекмырзақызы
18. Нұсқабай Мұхтар Арыстанбекұлы
Кафедра профессор-оқытушылар құрамы қазіргі қазақ тіл білімі және әдебиеттану бағыты бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Біздің түлектер Қазақстанның түпкір-түпкірінде қызмет етіп келеді. "Қазақстан" телеарнасының "Жан жылуы" бағдарламасының продюссері және жүргізушісі Ақбаян Сапарбай, химия және биология бағыты бойынша Назарбаев зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұрлан Есентаев, "Қазақ әдебиеті" газетінің меншікті тілшісі Аягүл Мантаева, "Astana tv" республикалық телеарнасының тілшісі Данияр Әсілбек Құрбанұлы, "Sanur tv" қоғамдық телеарнасының редакторы Сатуов Бекболат Шазиллаевич, "Sanur tv" қоғамдық телеарнасының тілшісі Құлша Аллаберген Дүйсенбайұлы т.б. "Ұстаздан шәкірт озар" демекші, студенттер түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленуде. "Қазақ тілі мен әдебиеті" білім беру бағдарламасының студенттері Д.Ширинова, Ұ.Фатуллаева, М.Додожанова "Абай оқулары", "Бауыржан оқуларының" жүлдегерлері болса, Дүзел Марат, Нұрсейіт Әбжан "Сырдария" КТК-ның белсенді мүшелері ретінде әдебиет маусымының жеңімпаздары. «Филология» кафедрасының ұжымы Қазақстан Республикасының халыққа білім беру, ғылым, мәдениет, жоғары білім беру салаларында қызмет жасайтын білікті мамандарды даярлауда аянбай еңбек етуде.
«Филология» кафедрасы келесі білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды дайындайды:
Бакалавриат бағдарламалары:
- 5В011700 - "Қазақ тілі мен әдебиеті" / 6В01701 - "Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау"
- 5В091000 - "Кітапхана ісі" / 6В03201 - "Кітапхана ісі"
Магистратура бағдарламасы: 7М01701 – "Қазақ тілі және әдебиеті педагогтарын даярлау"

Head of the department, candidate of philological sciences, docent