Жасампаз жастарды жарастырған дөңгелек үстел
- 1 view
Қазан айының 24-жұлдызында "Сырдария" университетінің виртуалды кітапханасында "Білім беру технологиялары" кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Файзиев Нұржанның ұйымдастыруымен "Болашақ педагогтардың жаңартылған білім беру мазмұнына креативті көзқарасы" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
ХХІ ғасырдың қарыштап даму жылдамдығы күн өткен сайын үдере түсуде. Көз ілестірмес жылдамдықпен дамып келе жатқан заманға ілесу және сол қоғамдағы адамдармен бірдей өмір сүру оңайлыққа соқпайтындығы анық. Ал бұл даму мен өркендеу, жаңару мен жаңғыру, білім саласын да қамтып өтуде. Жаһандану дәуірінде қарыштап дамып келе жатқан мемлекетіміздегі білім жүйесінде біршама өзгерістер болып жатқаны белгілі. Оның бір бөлшегі жаңартылған білім беру мазмұны. Бүгінде көптеген педагогтардың көзқарасы осы тұста екіге айырылғандығын күнделікті естіп, көріп жүрміз. Бір топ ұстаздар қауымы бұл бағдарламаны қолдаса, бір тобы мүлдем қарсы.
Университетіміздің "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері де аталған мәселеге екі жақты көзқарастарын білдірді.
Атап айтқанда, Әсетбек Айсұлу өзінің "Жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктері" тақырыбындағы презентациялық баяндамасы, көптеген студенттердің көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді. Аталған баяндамаға студенттер тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, жаңа бағдарламаның ерекшеліктеріне жеке-жеке тоқталып, қызу талқыға салды. Оқушыларға бағаның қойылмауы, оқулықтардағы тапсырмалардың күрделілігі, теорияның қамтылмауы, анықтамалар мен ережелердің жоқтығы т.б. мәселелерде студенттер бір-бірімен біршама қақтығыстарға тап болды. Аширбаева Ақмарал өзінің баяндамасында критериалды бағалаудың, жаңартылған білім беру мазмұнының нақтыланған артықшылықтарына тоқталып, өзінің креативті көзқарасын білдірді.
"Дөңгелек үстелден мынаны түюге болады. Қазіргі жаңартылған білімнің бірден-бір ерекшелігі осыған дейінгі "қалай оқытамыз?" деп жүрген бір жақты түсінік, енді "қалай оқиды?", "оқыту емес оқу", "үйрету емес үйрену", "қалай тиімді оқытамыз?" деген сұрақтар мен түсініктерге ауысуында. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі "Өмірмен байланыс" ұғымына, оқушылардың функционалды сауаттылығын қалыптастыруға құралған. Біз білімді дайын күйінде береміз. Ол жаттанды білім. Жаттау арқылы дайын білімді пайдаланып өскен бала дайын заттарды пайдаланады, ойлап табуға тырыспайды. Балық аулап беріп ойды, сананы, ақылды жалқау етіп алдық. Қармақ беріп, өзінің аулап алғаны әлдеқайда құнды да қадірлі болатындығын ұмыттық. Дайын білімді жаттап өскен оқушы үлкен өмір жолына түскен кезде ол білім ескіріп, балық иістенген тәрізді болып қалып жатыр. Демек білім дайын берілмей, өзі өмірбақи аулап алардай етіп берілуі қажет. Бұл қазіргі таңдағы жаңартылған білім беру мазмұнының негізгі идеяларының бірі" - "Білім беру технологиялары" кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Файзиев Нұржан.
Дөңгелек үстелде студенттердің қорытынды пікірінен жаңартылған білім беру мазмұнын қолдайтындығын, оның заман талабына сай екенін түсінгендігін аңғаруға болады.
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет