Халықаралық ынтымақтастық ЖОО-ның даму ресурсы ретінде
- 1 view
Халықаралық ынтымақтастық - әлемдік деңгейдегі жоғары оқу орнының мәртебесіне қол жеткізудегі және оны белгілеудегі басты элемент. Бүгінгі таңда бүкіл әлемде халықаралық байланыс мәселелеріне мемлекет тарапынан да ерекше көңіл бөлінуде. 2019 жылғы желтоқсанда Білім беруді және Ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды, онда жоғары оқу орындарын интернационалдандыру және Дүниежүзілік рейтингтерде ұсыну жоғары білім беру тиімділігінің негізгі көрсеткіштері ретінде белгіленген.
Халықаралық ынтымақтастық - «Сырдария» университеті қызметінің ажырамас бөлігі және білім беру сапасын және оның халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етудегі маңызды құрал болып табылады. Халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсаты - университеттің халықаралық танылуын арттыру, қазіргі әлемдік талаптар деңгейінде білім беру және ғылыми қызметтің сапасын қамтамасыз ету.
Университеттің халықаралық қызметінің негізгі бағыттары:
• Әлемдік үрдістерге сәйкес ғылыми зерттеулер мен білім беру ресурстарын интернационалдандыру және дамыту.
• халықаралық шарттар мен меморандумдар шеңберіндегі ынтымақтастық;
• Университеттің ғылым мен білімдегі жетістіктерін халықаралық конференцияларда, семинарларда, көрмелерде, байқауларда таныстыру және ұйымдасттыру
• Зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерін шетелдік журналдарға жариялау.
• Студенттердің, ПОҚ пен ЖОО қызметкерлерінің халықаралық ұтқырлығы.
• Шетелдік студенттер мен магистранттарды оқыту, ғылыми жетекшілік ету;
• Шетелдік мамандарды, оның ішінде топменеджер ретінде тарту және қонақ дәрістерін оқу;
• Әлемдік рейтингтерге қатысу арқылы ЖОО-ның халықаралық позициясы;
• Бірлескен және / немесе қос дипломды білім беру бағдарламалары ;
• Бірлескен ғылыми зерттеулер.
• Университетте және өңірде халықаралық ынтымақтастық үшін көп тілді және көп мәдениетті ортаны қалыптастыру.
2020-2021 оқу жылында «Сырдария» университеті алыс және жақын шетелдік жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастық жөніндегі меморандумдарға қол қойды.
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет