ТІГІН ТІГУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Тігін бұйымдарына негізгі материалдарды таңдау және оларды ұтымды қолдану ең маңызды, сондықтан материалдардың қаситеттерін, құрылысын, олардың ассортиментін және сапасын білу қажет.

Тігін өнеркәсібінің мамандары ең алдымен, тігін бұйыдарына арналған материалдарына қойылатын талаптарды, қасиеттерінің көрсеткіштерін анықтай білу және нақты тігін бұйымдарына арналған материалдардың бағалануын білуі керек. Суретші-модельер, құрастырушы және технолог материалдармен жұмыс істегенде, оның қаиеттерін біліп қана қоймай, киімге таңдалған материалдарды өңдегенде, бұйымды дайындау кезінде материал қасиетін өзгеруінің және осы өзгерісті бұйымның нақты пішімін немесе силуэтін жасауда қолдануды терең білу қажет.

Киім дайындау процесі мынадай негізгі кезеңдерден тұрады: модель, конструкция және лекало құрастыру, материалды пішуге және пішімді дайындау, қорғайтын құрал ретінде пайдаланылады. 

Киім адамзаттың материалдық мәдениетінің элементтерінің бірі болып табылады. Адамзат қоғамының әрбір тарихи даму кезеңінде тігін бұйымдары өзгеріске ұшырап отырады.

Ол қоғамдық құрылыстың, техника мен экономика дамуының, сондай-ақ ұлттық мәдениеттің өзіндік ерекшелігін, халық тұрмысының, көркемдік талап-талғамы мен салт-дәстүрлерінің талаптарын бейнелейді. 

 Басты мақсатымыз: «Дизайн және өнер» факультетінің «Дизайн» білім беру бағдарламасы студенттерімен тігілетін тігіс түрлерін, тігін бұйымдарын тігуде тігіс түрлерінің қолданылуы, тігін машинасымен жұмыс істеу әдістерін, қауіпсіздік ережелерін сақтау. Адам денесінің анторпометриялық нүктелері арқылы өлшем алып, киімнің негізгі базистік торы арқылы, лекало жасау арқылы, пішіп, тігуге үйрету.

Қыздарды тігін жүргізу кезінде ұқыптылыққа, зейінділікке, тігін машиналары мен жабдықтарын күтіп ұстауға баулу.
 

https://youtu.be/Ye1-hfLJRsY