Екі онжылдықтың ішінде халықаралық дәрежеге шығып үлгердік

Серік МАМЫРАЙЫМОВ, «Сырдария» университетінің ректоры:

 

Екі онжылдықтың ішінде халықаралық дәрежеге шығып үлгердік

 

- Әлеуметтік желідегі және Мырзашөлдегі жергілікті тұрғындар арасында «Сырдария» университетінде өткізілген анонимдік сауалнамаға байланысты «оқу орнында сыбайластық жемқорлық бар» - деген пікірлер айтылды. Бұл туралы не айтасыз?

- «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдастырған Таза сессия акциясы аясында «Сырдария» университетінде 2019 жылдың 6 желтоқсанында анонимді сауалнамаға жауап алу іс шарасы өтті. Сауалнаманы алуға Нұр-Сұлтан қаласынан «Нұр Отан» партиясының өкілі Болат Бұқарбай және Түркістан облысынан «Жас Отан» жастар қанатының төрайымы Жұлдыз Намаз келген болатын. Бұл іс-шараға 346 студент қатысты. Бірақ, сауалнама қорытындысы студенттерге де, университет басшыларына да жария етілмеді.

- Негізінде жария етілуі керек еді ғой. Сауалнама қорытындысын сұрамадыңыздар ма?

- Сұрадық, кейін хабарлаймыз деді. Кейін ұялы телефон арқылы сұрадық. «Сырдария» университетінің жастар ұйымының төрағасы Бектеміс Мейірхан сауалнама қорытындысын білу максатында Түркістан облысы «Жас Отан» жастар қанатының төрайымы Жұлдыз Намазбен арнайы хабарласты. Сонда ол сауалнама жауабы сіздер үшін жаксы, деп айткан. Біз, сол сөзге сендік әрі қуандық.

- Сонда қалай, сауалнаманың нәтижесі үш айдан кейін жарияланып отыр ма?

- Иә, солай болды. Өкінішке қарай, әлеуметтік желілерде жариялаған нәтиже Түркістан облысы «Жас Отан» жастар қанатының төрайымы Жулдыз Намаздын бізге айтқан дерегімен сәйкес келмей тұр. Енді бұл бүкіл Қазақстанға, сонымен қатар, бірнеше шетелдерге тек қана жақсы көрсеткіштерімен танымал болған «Сырдария» университетінің абырой-беделіне сәл де болса, нұқсан келтіріп, қауесет сөздердің шығуына себепші болуда. Бұл біздің окытушыларымыз бен студент-жастарымыздың намысына тиіп отыр. Сауалнамаға қатысқан студенттеріміз нәтижемен мүлде келіспейді. Негізінде, сауалнама нәтижесі университет қабырғасынан шықпай жатып хабарлануы керек еді. Үш ай мерзім өткесін жария етілуі біздер үшін күмәнді ойларды туындатып отыр.

- Жергілікті тұрғындарға, университетте ұл-қыздары білім алып жатқан ата-аналарға айтарыңыз бар ма?

- Біріншіден: ешқандай аландаудың кажеті жоқ, университет толыққанды жұмыс істеп жатыр. Екіншіден: түрлі әлеуметтік желілерде таратылып жаткан негізі жоқ, мәліметтерге көніл бөлудің қажеті жоқ деген болар едім. Студенттер өздерінің арасынан ректор, декан сайлап алған. Туындаған мәселелерді өздері талқылап, өздері шеше алады. Оларға сөз бостандығы берілген. Бізде бәрі ашык. Окытушыларымыз емтиханды компьютер арқылы тестілеу жүйесімен өткізеді.

Сыбайластық туралы мүлдем сөз болуы мүмкін емес. Тіпті, ата-аналардың өздері келіп, сабаққа, емтиханның қалай өтіп жатқандарына қатысуларына болады.

- Әлі де, шалғайда жатқан университет қой деп селқос қарайтындар бар. Сіз, бұған не дейсіз?

- Басқа жақты қайдам, соңғы жылдары мұндай көзқарастар осы өңірде тыйылған. Жергілікті ата-аналар ұл-қыздарын бұрынғыдай жоғары жаққа қарай жетелей бермейтін болған. Шалғайдағы дегені болмаса «Сырдария» университеті екі оңжылдықтың ішінде халықаралық дәрежеге шығып үлгерді. Себебі, Стратегиялык дамудың басты бағыттарының бірі - білім мен ғылымның әлемдік жүйесіне ену еді. Бұл ретте алыс-жақын шетелдің жоғары оқу орындарымен байланысты нығайту мақсатында халыкаралық Эрасмус және Мевлана бағдарламалары аясында беделді университеттермен академиялык алмасуды іске асыратын келісімшарттар жасалды. Ал, Латвия, Венгрия, Түркия, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдері арасында академиялық тығыз байланыс орнатылған. Қыскасы, оқу орнының келешегі кемел, болашағы жаркын.

- Жаһандық даму үрдісіне ілесу үшін білім ордасының материалдық-техникалық базасы мықты болуы керек. Университетте бұл мәселе қалай шешілген?

- Біздің жоғары оқу орны 400 мыңға тарта халқы бар шалғайдағы Мырзашөлде ашылған тұнғыш университет. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында еліміз қиындықтарды енді еңсере бастаған тұста ауылдық жерден білім ордасының бой түзеуі осы өңір халқы үшін елеулі жаңалық, үлкен қуаныш болды.

Ұл-қыздары енді алыс қалаларға сабылмай-ақ жақын жерден жоғары білім алатынына ата-аналар қатты қуанды. Университеттің қазығын қағып, негізін қалаған Ұлттык Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Парламент Мәжілісінің экс-депутаты, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, танымал қоғам қайраткері Оңалбай Аяшевтің елге қамқорлығына бәрі ден риза болды. Оқу орнының материалдык-техникалық базасын кеңейтіп, оның өркендеп дамуына барлық күш-жігерін жұмсаған бұл азаматтың еселі еңбегін мырзашөлдіктер әрдайым жоғары бағалайды.

2005 жылы Тұнғыш Президент, Елбасы Н.Назарбаев «Сырдария» университетіне арнайы ат басын бұрып, жаңа оқу ғимаратын ашу салтанатына қатысқан кезде ауылдык жерден заманауи университеттің ашылғанына қолдау білдіріп, оның болашағынан үлкен ұміт күтетінін айтқан болатын. Қазір университет ұжымы осы сенім үдесінен толық шықты десек болады.

Озық үлгідегі жетілген материалдық-техникалық база болмаса, білім сапасы да болмайды. Міне, жаңа дәуір талабы осы. Университетте 388 компьютер, 24 интер-белсенді такта, 5 смарт такта, 24 мульти-медиялык проектор, 2 бейнеконференция залымен қамтамасыз етіліп, оқу үдерісіне қолайлы мүмкіндіктер туғызылған. Оқу орнында заманауи кітапхана қалыптастыру үшін Кабис лицензияланған бағдаламасы енгізілген. Соңдай-ақ электрондық кітапхана ресурстары бойынша «Сырдария» университет Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары арасында үздік оңдықтың
төртінші сатысында тұр.

Университеттің жалпы көлемі 12432 шаршы метрді құрайтын 4 оқу ғимараты, 500 орындық «Қазақстан» студенттер сарайы және 320 орындық «Студенттер үйі», «Инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы» бар. Университеттің «Инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы» жаратылыстанудан білім беру бағдарламалары бойынша студенттердің зертханалык жұмыстарын, курстык және дипломдық жобаларын профессор-оқытушылық құрамы мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын іске асыруға мол мүмкіндік береді. Сонымен бірге, университет құрамында ірілендірілген 5 факультет, 12 кафедра, экологиялык ғылыми-зерттеу зертханасы, көпсалалы Жетісай және Мырзакент колледждері, мурағат, медициналық кызмет, 4 кітапхана қызмет атқарады.

- Студенттерге сапалы білім, үлгілі тәрбие беруде қандай жетістіктерге ие болдыңыздар?

- 2010 жылы университетіміз Түрік стандарттар институтының Халықаралық және халыкаралык IQNET сертификаттарын иеленді. 2015-2016 оқу жылында біздің оқұ орнымыз институционалдық, ал 2016-2017 оқу жылында мамандандырылған аккредиттеуден өтіп, халықаралық деңгейде мойындалды. Тағы бір қуанышты жаңалығымыз - 2020 жылы 15 мамырда жарияланған «Аккредиттеу және рейтингтің тәуеліз агенттігінің» нәтижесінде университетіміз Қазақстандағы 89 жоғары оқу орындары арасында «ТОР-20» сарапттамалық көрсеткіші бойынша 17 орынды иеленді. Бұл - жоғары оқу орны профессор-оқытушылар құрамының көп жылғы қажырлы  еңбегінің көрсеткіші.

«Сырдария» университеті - қазіргі кезде 27 бакалавриат және 10 магистратура білім беру бағдарламалары бойынша білім беру кызметін жүзеге асырып келе жатқан Түркістан облысындағы бірден-бір жоғары оқу орны. Студенттеріміздін алыс-жақын шетелде және республикамызда өткізілген ғылым, білім, спорт пен өнерде жеткен табыстары да айтулы: «Сырдария» Жайдарман құрамасы республикалық чемпион атанды. Ғылымға, білімге ден қойған студенттеріміз ғылыми жоба, пәндік олимпиадалардың жүлдегерлері. Оқу орнында Елбасының «Болашаққа бағдар:       рухани

жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» - бағдарламалық мақалалары, инновациялык және білім беру технологиялары аясында халықаралық деңгейде ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізіп тұру дәстурге айналған. Бұл профессор-окытушылар мен студенттердін білім мен ғылым саласындағы орасан үлесін көрсетеді. Жетісай қаласынан 30 шақырым солтүстік-шығыста табылған, бұдан алдын мүлдем зерттелмеген ортағасырлық Үтіртөбе, Күлтөбе калаларына университеттің қаржыландыруымен 2004 жылдан бастап, «Отан және шетел тарихы» кафедрасынын профессор-окытушылар мен студенттерінен құралған Мырзашөл археологиялык экспедициясының зерттеу жұмыстарын жүргізуі және оны ғылыми айналымға енгізуі - университет ғалымдарының қол жеткізген ірі табыстарының бірі. Экспедиция нәтижелері ғылыми конференцияларда баяндалып, ғылыми басылымдарға жарияланды. Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде 2004 жылы университетте музей ашылды. Музейдің экспонаты қазба жұмыстарынан табылған жәдігерлермен жыл сайын толығып, көлемі ұлғайып келеді. Университетте 4000-ға тарта студент білім алуда. Оның 200-ден астамы көршілес Өзбекстандағы қазақ жастары. Түркіменстаннан да кандастарымыз келіп окиды. Ең алдымен алыстан келген жастарды жатақханаға орналастырамыз. Бізде барлық жағдай жасалған. 320 орынды жатақханамыз бар. Бағасы арзан, жылына 30 мың теңге төлейді.

- Жергілікті жерлерде осы университетті бітірген канша түлек қызмет етіп жүр?

- Тек жергілікті жерде емес, Қазақстанның барлық аймақтарында, тіпті шетелдерде біздің түлектеріміз қызмет етіп жүр. Мақтаарал, Жетісай аудандары мектептеріндегі мұғалімдердін 35-40 пайызы - «Сырдария» университетін бітіргендер. Ал аудан және ауылдық округ әкімшіліктері, түрлі мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарда түлектеріміз бар. Олар біздердің мактаныштарымыз. Алдағы уақытта олардың саны өсе беретініне сенімдіміз.

- Университеттің келешегі калай, жаңа жоба, жоспарлар туралы не айтасыз?

- Алдымызда зор міндеттер тұр. Ол Елбасының Қазақстан халкына Жолдауынан туындайды. 2050 жылға дейінгі стратегиялық жоспарын орындаудағы алғышарттардың бірі - білімді ұрпак тәрбиелеу. Біз сол қастерлі максаттың биігінен көрінуге ұмтыла береміз. Осыған орай, біздегі бірқатар басымдықтарды атап өтпекішмін:

«Сырдария» университетінде әскери кафедра жұмыс істейді, әскери кафедраны бітірген түлек лейтенант шенін алып шығады;

- «Алтын белгі», республикалық пәндік олимпиада жеңімпаздарына және жетімдер мен мүгедектерге оқу төлемақысынан жеңілдіктер қарастырылған;

Академиялық ұткырлық аясында басқа оқу орындарында білім алу мүмкіндігі бар.

«Сырдария» университетіне окуға келгендер ешқандай өкінбейді, толық сапалы білім ала алады. 2020-2021 оқу жылында каңтар, наурыз айларында өткен ҰБТ нәтижесі бойынша 100 баллдан жоғары жинаған талапкерлер университет бөлген білім грантымен тегін окуға кабылданады. Университет иелігінде 1 гектар жер телімі бар 4 қабатты заманауи Бас оку ғимаратын салу жұмысы басталды. Жоба құны 760 млн. тенге, сыйымдылығы 1500 орын. «Барыс» спорт кешені іске косылады. Жоба құны 404 миллион тенге, сыйымдылығы бір уакытта 160 адам жаттыға алады. Бизнестің «Жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 170 миллион теңге несие 7 пайызбен алынды. Құрылыс жұмысы 2019 жылы қыркүйек айында басталды 2020-2021 оқу жылында пайдалануға беру жоспарланған.

Түркістан облысының әкімі Өмірзак Шөкеевтің арнайы әлеуметтік гранты бөлінеді. «Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) докторантура ашуға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Тоғыз бакалавриат білім беру бағдарламаларын ашу үшін Білім және ғылым министрлігіне тиісті құжаттар жіберілді.

 

Сұхбаттасқан

Сәбит ҚАЛДЫБАЕВ

Оқиға категориялары