Жаңа форматта білім беру - заман талабы
- 1 view
№15 (617)
Зауреш ОРАЛОВА, Оқу-әдістемелік басқарма басшысы:
Жаңа форматта білім беру - заман талабы
Президент Касым-Жомарт Тоқаев қашықтан білім беруге назар аудару қажеттігін атап өткен еді. Осы бағытта бағдарлы жұмыстар жүргізіп жатқан «Сырдария» университетінің тыныс-тіршілігімен таныс болмаққа Оқу-әдістемелік басқарма басшысы, аға оқытушы Зауреш Мекенбайқызын әңгімеге тарттық.
- Сандық технологиялар дәуірінде жоғары оқу орындарының қашықтан дәріс беру жүйесіне көшуі - заман талабы. Осы ауқымда қандай шаралар атқарылуда?
- Биылғы оқу жылындағы шектеу шаралары кезеңінде білім беру сапасын қамтамасыз ету мақсатында, университетіміз жұмысын қашықтан және аралас форматта жалғастырды. Қашықтан оқыту форматында «Сырдария» университетінің білім беру мазмұны, оқыту формасы мен әдістері және студенттердің білімін, біліктілігін бақылау уақыт талабымен білім беру бағдарламаларына қойылатын талаптарға сай ұйымдастырылған.
Сонымен қатар, университеттің кітапхана қызметі қашықтан оқытуға бағытталып барлық қажетті оқу-әдістемелік әдебиеттермен жабдықталған және қазіргі уақытта 349 062 бірлікті құрайды. Барлық сканерленген жаңа оқулықтар мен кітаптар университеттің электрондық ресурстар каталогына енгізілген және студенттер мен оқытушылар ҚБТ жағдайында белсенді қолдана алады.
- Зауреш Мекенбайқызы, қазіргі таңда қашықтан оқытумен бірге аралас оқыту форматы термині жиі қолданылуда. Осы жөнінде мәлімет бере кетсеңіз?
- Карантиндік кезеңдегі шектеу шараларына байланысты бірнеше аптадан бері «Сырдария» университеті жаңа білім беру - аралас форматында жұмысын жалғастыруда. Аралас оқыту жүйесіне көшу оқу үдерісіндегі оқыту қарқынын өзгертуге мүмкіндік берді. Бүгінгі танда, аралас оқыту - күндізгі және қашықтан оқытудың артықшылықтарын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін заманауи білім беру үрдістерінің бірі.
Университеттің профессор-оқытушылар қүрамы сабақтарды онлайн және оффлайн режимінде жауапкершілікпен өткізуде. Профессор-оқытушылар ұсынып отырған оқу ақпараты мен тапсырмаларының алуан түрлілігі, көп деңгейлі мазмүны оқу үдерісінің өзгермелілігі принципін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
- Қашықтан оқыту технологиясы білім алушыға оқуын білім ордасына келмей-ақ, алыстан жалғастыруға мүмкіндік береді. Сол мүмкіндікті жүзеге асыруда сіздерде қандай оқыту платформалары қолданылады?
- Дұрыс айтасыз, «Сырдария» университетіндегі қашықтан оқыту технологиясы білім алушыға оқуын университетке келмей-ақ, алыстан жалғастыруға мүмкіндік береді. Дегенмен, студент - қашықтан білім берудің негізгі буыны десек, мүндай аудиториялық кеңістіктен алшақ дәріс алудың психологиялық факторларын да ескерген жөн. 2012 жылдан бастап оқу үрдісі кредиттік оқыту жүйесіне арналған «Platonus» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне көшірілді.
Профессор-оқытушылар қүрамы мен студенттер қашықтан оқыту жүйесін Platonus, Zoom, Webex Meetings және WhatsApp мессенджері платформалары арқылы жүзеге асырады. Профессор-оқытушылар еркін қолжетімді орналастырылған «Платонус» платформасындағы контентін толтырып, қашықтан оқытудың әзірленген алгоритмі бойынша аудио және бейне дәрістер дайындаған.
Әңгімелескен Зәмзагүл СЛАМБЕКОВА
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет
Жаңа пікірді жазу