"СЫРДАРИЯ" УНИВЕРСИТЕТІ – ҚАЗАҚСТАН ЖОО АРАСЫНДА ТОП-20 ҚАТАРЫНДА

2020 жылғы 15 мамырда жарияланған Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің нәтижелері бойынша "Сырдария" университеті жинаған көрсеткіш – 6924-6287 балды құрап, тағы да үздіктер cапынан көрініп отыр. Университет Қазақстан ЖОО арасында топ-20 көрсеткіші бойынша 17-орынды иеленді.

Рейтингке қатысуға республика бойынша 89 ЖОО өтініш беріп, 1939 білім беру бағдарламасы тіркелген.

2020 жылғы рейтингтің ерекшелігі, ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауда топтар бойынша білім беру бағдарламаларын саралау болып табылады.

Агенттік атап өткендей, саралау нәтижесі төмендегідей өлшемдер бойынша бағаланған:
- білім сапасының халықаралық көрсеткіші ретінде институционалдық және бағдарламалық аккредиттеу;
- адам ресурстарының даму деңгейі;
- жоғары білімді интернационалдандыру;
- ғылыми зерттеулердің даму деңгейі;
- түлектерді жұмысқа орналастыру және еңбек нарығына сұраныс.

"Сырдария" университетінің қызметі жыл сайын білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз агенттіктің ұлттық білім рейтингтерінде жоғары бағаланып келеді.

Университет білім беру саласындағы мемлекеттің саясаттық стратегияларын, негізгі бағыттарын, міндеттерін іске асыру жолында қазақстандық білім беру жүйесінің сапасын арттыруға өз үлесін қосуда. Бұл - жоғары оқу орны профессор-оқытушылар құрамының көп жылғы қажырлы еңбегінің көрсеткіші.