Университет ректоры білім алушылармен онлайн кездесу өтті
- 1 view
«Сырдария» университетінің ректоры С.Д. Мамраимов көктемгі семестрде оқу процесін ұйымдастыру мәселесіне қатысты студенттермен онлайн кездесу өткізді. Кездесуде университет басшысы оқу жүйесіндегі өзгерістерді баяндап, студенттердің қойған сұрақтарына тікелей жауап берді.
Көктемгі семестр 1-курс студенттері үшін білім берудің барлық бағдарламалары бойынша және 2,3-курстың «6В01401 Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау», «6В05101 Биология», «6В02101 Дизайн» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар үшін оқу процесінің 25 қаңтардан бастап аралас оқыту форматында жалғасатындығын айтты. Ал Студенттер үйінде орналасу мен оқу ғимаратында оқу тәртібі білім алушылардың бөлмелерде 50 % толымдылығына сәйкес жүргізіледі.
Жалпы санитариялық-эпидемиологиялық талаптарын сақтау шаралары қатаң жүргізілмек. Студенттер сабаққа маскамен келуге міндетті. Ғимарат кіре берісінде байланыссыз термометрлермен температура тексеріліп, антисептик пайдаланылады. Аудиториялар үнемі арнайы құрылғылармен залалсыздандырылып отыратын болады.
2020/2021 оқу жылында көктемгі семестрдегі оқу үдерісін ұйымдастыру туралы
«Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 14 қаңтардағы № 15 бұйрығына сәйкес 2020-2021 оқу жылында көктемгі семестрдегі оқу үдерісі 2021 жылғы 25 қаңтардан келесі тәртіппен ұйымдастырылсын:
1. 1-курс студенттері үшін 2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрінде оқудың барлық бағыттары бойынша аралас оқыту форматында оқу процесі ұйымдастырылсын (лекция – қашықтықтан; санитарлық шараларды және 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, семинарлар, қолданбалы сипаттағы зертханалық және практикалық сабақтарды – дәстүрлі форматта).
2. 2 және 3-курс студенттеріне сабақтары қашықтықтан тек 6В01401-Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау, 6В02101-«Дизайн», 6В05101-«Биология» білім беру бағдарламалары бойынша аралас формата (лекция – қашықтықтан; санитарлық шараларды және 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, семинарлар, қолданбалы сипаттағы зертханалық және практикалық сабақтарды – дәстүрлі форматта).
3. 4-курс студенттеріне (дипломалды және кәсіптік практиканы ұйымдастыру, қорытынды аттестаттауды өткізу) қашықтықтан және аралас оқыту форматтарында жүзеге асырылсын.
4. Магистранттардың теориялық оқуы қашықтықтан және (қажет болған жағдайда) аралас оқыту форматында жалғассын. Магистранттардың жеке жоспарларына сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға және қорытынды аттестаттаудан өтуі үшін жағдай жасалсын.
5. Шетелдік студенттер қашықтықтан оқыту форматында оқытуды жалғастырсын.
6. Сабақ барысында студенттердің аудиторияларда бетперде кию міндеттеліп, медициналық қызмет бөлімінің тарапынан қадағалансын.
7. Білім алушыларды бөлмелердің 50% толымдылығына сәйкес жатақханаға орналастыру есепке алынсын.
8. Медициналық көрсетілімдер болған жағдайда 1-курс студенттері өтініш негізінде қашықтықтан оқытуды жалғастырсын.
9. Қашықтықтан оқыту форматында өтілетін сабақтар үшін Platonus, Moodle, Zoom және WebEx платформалары негізге алынсын.
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет