2020 жылдың 12-13 қазанында «Сырдария» университетінде Тәуелсіз Қазақстандық білім беру сапасын қамтамасыз ету агенттігінде (IQAA) институционалды аккредиттеу шеңберінде сыртқы аудит өткізілді.
- 1 view
«Сырдария» университетінде 2020 жылғы 12-13 қазан аралығында білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстандық агенттіктің сарапшылар тобы мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде сыртқы аудит жүргізді.
Мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде сыртқы аудитті жүзеге асырған Тәуелсіз Қазақстандық білім беру сапасын қамтамасыз ету агенттігінің сарапшылар тобы университет қызметкерлерінің бірлігін жоғары бағалап, жою қажет кемшіліктерге назар аударды. Аккредиттеу туралы соңғы шешімді IQAA басшылығы жақын арада қабылдайды.
Бұл күндері бакалавриаттың келесі білім беру бағдарламалары бойынша сыртқы аудит өткізілді:
1. 6В01101-"Педагогика және психология"
2. 6В01301-"Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі"
3. 6В01402-Музыка мұғалімдерін даярлау
4. 6В01403-Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау
5. 6В01501-Математика мұғалімдерін даярлау
6. 6В01504-Химия мұғалімдерін даярлау
7. 6В01505-Биология мұғалімдерін даярлау
8. 6В01506-География мұғалімдерін даярлау
9. 6В01601-Тарих мұғалімдерін даярлау
10. 6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
11. 6В01702-Шет тілі: екі шет тілі мұғалімдерін даярлау
12. 6В02101-"Дизайн"
13. 6В04101-"Есеп және аудит"
14. 6В04102-"Қаржы"
15. 6В04103-"Экономика"
16. 6В04201-"Құқықтану"
17. 6В05101-"Биология"
18. 6В06101-"Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету"
19. 6В06102 -"Информатика"
«Сырдария» университетінен мамандандырылған аккредиттеу шеңберіндегі сыртқы аудиттің үйлестірушісі университет ректоры - Мамраимов Серік Даулетұлы болды.
Сыртқы аудит шеңберінде бірінші күні университет басшылығымен: құрылтайшысымен, ректорымен, проректорларымен онлайн сұхбаттар өткізілді. Университет басшылығымен кездесу сарапшылар тобына университеттің жалпы сипаттамаларымен, соңғы жылдардағы жетістіктерімен және даму перспективаларымен ресми түрде танысуға мүмкіндік берді.
НКАОКО сарапшыларына қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өзін-өзі бағалау туралы есептер ұсынылды, онда 19 білім беру бағдарламаларын іске асыру сапасына талдау жасалды, сонымен қатар айқындалған күшті және әлсіз жақтары, қауіп-қатерлері және одан әрі даму мүмкіндіктері анықталды.
Содан кейін, аккредиттелген білім беру бағдарламалары бағытындағы материалдық-техникалық және оқу-зертханалық базаларға визуалды тексеру, білім беру бағдарламаларын іске асыратын факультеттер мен кафедраларға тексеру жүргізілді. Әрі қарай құрылымдық бөлімшелер басшыларымен, декандармен және кафедра меңгерушілерімен, кафедра оқытушылар құрамымен, түлектермен және жұмыс берушілермен онлайн-сұхбат жүргізілді.
Екінші күні мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде сыртқы аудит жүргізуге арналған Сарапшылар тобы аккредиттелген білім беру бағдарламалары бағыттары бойынша кафедралардың құжаттамасын зерделей отырып, тәжірибе базасына және оқу сабақтарына таңдамалы сапар жасады. Содан кейін студенттермен және магистранттармен онлайн сұхбат жүргізілді.
Сыртқы сарапшылар тобы мүшелерінің пікір алмасуларынан кейін, сарапшылардың өтініштері бойынша жеке департаменттер мен құрылымдық бөлімшелердің өкілдері шақырылды, содан кейін сарапшылар тобы сыртқы аудит бойынша есептер дайындауға кірісті.
Қорытындылай келе, сыртқы аудиттің алдын-ала нәтижелерімен таныстыру үшін университет басшылығымен онлайн-кездесу өтті.
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет