СҰЛУ СЫРҒА ЖАРАСҚАН «СЫРДАРИЯ»
- 1 view
№71 (18484) 15-мамыр, 2008 жыл, 5 бет
КҮН ЖОЛЫНА БАСТАҒАН БІЛІМ ҰЯСЫ
"Сырдария" университетінің негізгі мақсаты - тәуелсіз еліміздің игілігі жолында аянбай қызмет ететін білікті мамандар әзірлеу. Университет - тәлім-тәрбие берудің, озат және жаңа инновациялык; технологияларға негізделген білім берудің тәсілдері мен әдістемелерін жетік меңгерген, замана талабына сай білім ошағы.
Әрине, үжым бұл биіктікке оңайлықпен жеткен жоқ. Оның әрбір мүшесінің бойында жаңаша ізденіске, жаңалыққа деген құштарлық мол болды. Болашакка деген сенімді жоғалпады. Осы жолдағы өлшеусіз маңдай тер, тек қана ілгерілеуге деген ынта, жігер жоғары оқу орнының күн сайын көртейіп, шәкірттерінің көбейе түсу нәтижесіне алып келді.
Университеттің бір ерекшелігі - ұлтымыздың рухани қаймағы бұзылмаған, салт-дәстүрі сақталған ортасы, республиканың ең қиыр оңтүстігінде орналасуы. Екінші бір ерекшелік - мұнда халықтың өте тығыз орналасуы. Ондағы әр отбасынан шыққан жастардың ата-ананың көз алдынан ұзамай, олардың шаруашылығына қол көмектерін тигізе жүріп, білім алып, әмбебап маман ретінде қалыптасуы. Ал, бұл өңірде қайнаған еңбек жыл он екі ай толастамайтыны белгілі.
Үшінші ерекшелік - университет қалашығы күн шуағы мол түсетін Жетісай қаласын жер жаннатына айналдырып, көрік, келбет беріп тұр. Мұндағы жүрек оты алаулаған жігерлі жастар Оңтүстік аспанын думанға айналдырып жібереді.
Мінеки, сондықтан да "Сырдария" университетімен жергілікті тұрғындар ғана емес, облыс жұртшылығы, кала берді республика халқы мақтанса да жарасады. Өйткені бұл оқу орны - диқаншылар мен еңбеккерлердің бел ортасынан бой көтерген шаттыққа толы қасиетті шаңырақ атанып отыр.
Оңалбай АЯШЕВ, университеттің бірінші президенті, ІІІ-сайланған ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты.
СҰЛУ СЫРҒА ЖАРАСҚАН «СЫРДАРИЯ»
УНИВЕРСИТЕТ ІРГЕТАСЫ ОСЫЛАЙ ҚАЛАНДЫ
Дүниежүзілік білім кеңістігі бәсекеге мықтылықты талап етеді. Яғни білім жолына тәуекел етіп келген әрбір жас өз мамандығымен қатар, бойындағы күш-жігерін күтіп тұрған елін, жерін сүюі шарт. Ал, ол үшін жастардың білім алуына қажетті материалдық, техникалық база қажет. Жоғары білім ұясы, оның басшылығы, оқытушылары мен профессорлар қауымы осы жағын қамтамасыз етуі шарт.
Ал, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 12 қаңтардағы №18 бұйрығымен тағы да 5 жылға мемлекеттік жіктеуші және АА №0000169 мемлекеттік лицензиясына сәйкес 26 бакалавриант, 9 магистратура мамандықтары бойынша кадр даярлап отырған "Сырдария" университеті осындай білім ошағы! Тарата айтсақ, университеттің колдың бес саулағындай бес оку ғимараты, әкімшілік орталығы, 500 орындык "Қазақстан" деп аталатын студенттер сарайы, ғылыми-әдістемелік орталығы бар. Оған виртуалды кітапхана, 2 абоненттік кітапхананы, жалпы және оқу залдарын қосыңыз.
Студенттердің мұқтажына сай кітап дүкені, 2 асхана, спорт залы мен тренажерлік, ойын алаңдары жаңа техникалармен жабдықталған. Материалдык-техникалык жетістіктер мұнымен шектелмейді. Студенттердің жеке пайдалануына, топтық іс-тәжірибелерді жүргізуге арналған электрондық техникалар өз алдына бір әлем. Бұл тізбеге Елбасының өзі мемлекетіміздегі бүкіл мектептерге үлгі етіп тартқан соңғы үлгідегі "Оnline" жүйесімен жұмыс істейтін интерактивті тақтаны қосыңыз. Университет аясына шоғырланған факулътеттердің студенттерінің терең білім алумен катар тәжірибесі мол білікті маман болып шығатынына ешкімнің де таласы болмаса керек.
Елбасының Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауынан тарайтын міндеттерді терең түсініп, жүзеге асыру барысында әрі жастардың интеллектуалды ой-өрісін дамыту аясында "Болашақ жастар қолында" атты пікірталас жүйелі түрде өтіп тұрады. Жастардың өз бастамаларымен кереге керген "Жетісай сазы" халық аспаптар ансамблі, "Томирис" бишілер тобының жетістіктері де аз емес.
НЕСИЕЛІК ТЕХНОЛОГИЯ ЕНГІЗІЛУДЕ
Әлемдік білім беру дәрежесіне бейімделу барысында жаңа несиелік технологияны оқу бағдарламасына енгізу қолға алынып отыр. Мұндай білім беру жүйесі студенттермен жеке жұмыс жүргізу, мамандық таңдауды қамтамасыз етумен бірге олардың шет елдерде білімін жалғастыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге өз бетінше ақпарат іздестіруіне, мәліметтерді талдап, саралауына жол ашады. Университет ұжымы бұл технологияны енгізуде елдегі жетекші оқу орындарының тәжірибесін зерттеп, нәтижелеріне сүйене отырып, біртіндеп қолға алуды көздеп отыр. Ол үшін, әрине, оқу-әдістемелік базаны қалыптастыру, әдістемелік кешенін өте сауатты әзірлеу, электронды оку материалдарын даярлауға үлкен көңіл бөлінуде. Кітапхана қорын жетілдіру, студенттердің интернетпен байланысына кең жол ашу мәселелері бірінші кезекте тұр.
Несиелік оқыту жүйесін енгізу мақсатында университет басшылығы, профессор- оқытушылары, сондай-ақ тиісті бөлім меңгерушілері өз әріптестеріне, яғни еліміздегі басқа да жоғары оку орындырына, айталык ҚарМУ, ҚазМУ, ҚазҰТУ, ХҚТУ, ҚазМҚПИ, ҚазҰПУ-теріне іссапарлармен барып, тәжірибе алмасуда. Осындай іргелі істердің нәтижесінде 2004-2005 оқу жылында университеттегі экононика мамандықтары бойынша білім беретін салаға несиелік жүйе енгізілді. Ал 2005-2006 оқу жылында қабылданған барлық бірінші курс студенттеріне білім беру, сондай-ақ 2007-2008 оқу жылында сырттай оқитын бөлімнің барлық мамандықтары үшін несиелік білім беру технологиясы енгізілді.
ҰЛАҒАТЫ КЕҢГЕ ЖАЙЫЛҒАНДАР
Әрине, әр шаңырақтың өз биігі болатыны секілді, сол абырой-беделге лайық қызметкерлері де болады.
"Сырдария" атауын иеленген жоғары оку орнында тәжірибесі мол, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен терең шұғылданып, "университет доценті", "аға оқытушы" лауазымдарын лайыкты иеленіп жүргендер бар. Профессор-оқытушылардың ұйымдастыруымен "Жас мамандардық педагогикалык-әдістемелік біліктілігін арттыру", "Компьютерлік сауаттылықты көтеру" секілді ауқымды семинарлар өтуде. Семинарға қатысқандарға арнайы сертификат толтырылады. Интернетті бағындырып, қашықтықтан оқыту орталығына топтаскан студенттер өз біліктіліктерін арттырудан жалыққан емес.
Ішкі жұмыстар осылай өркендеп жатқанда ғалым А.Еркінов Түркияда түрік тарихын зерттеумен шүғылданатын института тәжірибе алмасып қайтты. Сондай-ақ, Афтанділ Еркінов Германиядағы Берлин қаласында орын тепкен Гумбольд университетіндегі зерттеу орталығында тағылымдамадан өтті. Сонда Халле қаласындағы Шығыстану институтында тарихи тақырыпта баяндама жасады. Ғалымның еңбектері отандық баспасөзбен қатар Италияның "Oriente Moderno" журналында жарияланды.
Университет қабырғасында өздерінің ғылыми ізденістерінің арқасында тиянақты нәтижелерге қол жеткізіп отырған Гүлмира Сәуірбаева, Дәулетхан Болысбаевтар философия ғылымының кандидаттығын қорғаса, Роза Жаркынбаева, Сәбира Апашева, Әлия Дүйсекова және Серік Мамырайымовтар тарих ғылымының, ал Гүлнар Мұсабекова, Әлия Өтешова, Гүлзейнеп Пазылова, Лесбек Мырзабектер педагогика ғылымының кандидаттығына диссертацияларын қорғады. Сол секілді техника ғылымының кандидаттығын қорғаған Жаңбырбай Көкиев пен Сазахан Жолдасовты, саясаттану ғылымының кандидаты атанған Айтбай Темірәліұлын университет ұжымы орынды мақтаныш тұтады.
Орта Азия мен Қазақстанға құт дарытып отырған ұлы өзенмен аттас оқу орнының даңқын асыруда ғылым докторлары Жан Батькаев, Гулфайруз Еркебаева, Батырхан Тұрметов сынды азаматтардың үлесі мол.
Десе де білім ошағындағы ізденіс аясы, жаңалықка ұмтылу, заман талабына талпыныс осымен шектелді деген сөз емес. Окытушы-профессорлардың еңбектері еленіп, республикадағы түрлі министрліктер мен өкілетті орындардың мадак, марапаттары қадірлі ұстаздарды іздеп табуда. Айталық, Ы.Алтынсарин атындағы білім беру үздіктеріне берілетін төсбелгі профессор Ә.Бердышевтың, доцент К.Мәдіханованың, ғылым кандидаттары А.Тілесов пен Б.Серіковтің, сондай-ак, Н.Қадырбаевтың, Ғ.Бейсеновалардың кеудесінде жарқырайды. "Қазақстан Республикасының білім саласының құрметті қызметкері" белгімен Ж.Батькаев, Қ.Жидебаев, Б.Иса сынды профессорлар марапатталды.
Терең біліммен сусындатумен бірге студенттердің таза өнерге деген құлшынысын арттыруда аянбай тер төгіп жүрген М.Байбаланова мен Ү.Сейілбековалар "Қазақстан Республикасының мәдениет кайраткері" атағын иеленді.
Білім шаңырағының биіктей түсуіне оның іргетасы қаланғаннан бері мол үлестерін қосып келе жаткан еңбек ардагерлері акыл, насихаттарын аяған емес.
Университеттің ашылғанына биыл 10 жыл. Осынау он жылдық белестің әрқайсысын танымсыз еңбек, толағай табыстармен қарсы алып келе жатқан жоғары оку орнының алар асуы әлі алда.
Әбдімәулен БЕРДЫШЕВ, университет ректоры, физика- математика ғылымдарының докторы, профессор
AHA СҮТІМДЕЙ ТАЗА БІЛІМ
"Филология" дегеніміз өз алдына ғажап әлем. Университет жанынан осы факультет ашылып, оны басқару маған жүктелгенде қатты толқыдым. Ол осыдан он жыл бұрын еді. Содан бір жыл өткенде, яғни 1999-2000 оқу жылында факультет басшылығына аға окытушы А.Алтыбаева келді. Жастарға филологиялык білім беру ісі кыза түсті. Факультет жұмысын жандандыруда М.Ырсымбетов, Л.Әбенова және Н.Қадырбаевтар өз үлесін қосты.
Бүгінгі таңда "Қазақ тілі" және "Тілдер" атты екі кафедраны біріктірген факультетке доцент Л.Әбенова басшылык етіп отыр.
Мұнда ұлттық педагогиканың дәстүрлі берік калыптаскан. Республикаға танымал жазушы, "Ана тілі" газетінің бірнеше дүркін жеңімпазы, публицистиканың жүйрігі Н.Қадырбаев баскаратын "Қазак тілі және әдебиеті" кафедрасында жаңа үрдістегі бағдарламалар жүзеге асыруда. Кафедра меңгерушісінің облыстың ең үздік жазушысы атануы аталған факультет түрғай, университеттің беделін көтере түсті.
"Абайтану", "Мұхтартану" сынды арнаулы үйірмелер, "Қазақтың тарихи романдары", "Шешендік өнер" секілді арнайы семинарлар биік деңгейде үйымдастырылуда.
Студенттердің шығармашылығын шыңдау үшін университет кабырғасында "Жас тілші", "Жас қаламгер" әдеби бірлестіктері үлкен мүмкіндіктер ұсынуда. Бұл шаралардың барлығы да кафедраның, сонымен катар факультеттің теориялык деңгейін тереңдетіп, танымдык кеңістігін кеңейте түспек.
Құдайберген ЖИДЕБАЕВ, кафедра оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент.
АУЫЛ ӨМІРІ БІЗГЕ ЕТЕНЕ ТАНЫС
"Спорт және биология" факультеті "Сырдария" университеті құрамында 2000 жылы шаңырақ көтерді. 2001 жылы "Биология" мамандығы өз алдына факультет болып, бөлініп шықты. Білікті профессор-окытушылар құрамы бекітілген, талап деңгейіндегі материалдык-техникалык базасы бар университеттің ең алдыңғы қатарлы факультетіне айналды. 2005 оқу жылында "Информатика және математика" факулътетімен қосылып, факультет "Жаратылыстану" факультеті деп аталынды. Сұраныстың көп болуына байланысты "Жаратылыстану" факультетінен жекеленіп, 2006 оқу жылында "Химия және биология" факультеті болып қайтадан құрылды. Осы уақыттар аралығында факультетті профессор-оқытушылар: доценттер Ш.Ибрагимов, Ө.Алтаев, Ғ.Бейсеновалар баскарды. Факультетті 2006 жылдан бастап университет доценті Р.Кашкаров басқаруда.
Факультеттегі оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу жұмыстарын 3 ғылым докторы, 5 ғылым кандидаты, 9 аға оқытушы және 6 оқытушылар жоғары деңгейде атқаруда. Олар жаңа несиелік технологияларды қолдана отырып, студент жастарға заман талабына сай білім беруде.
"Биология" кафедрасы қазіргі кезде "Химия және биология" факультетінің құрамындағы үлкен кафедраға айналды.
2007-2008 оқу жылының бірінші жарты жылдығында әртүрлі биологиялык және химиялык зертхана оқу жаттығуларын жүргізу үшін электрлі жоғары өнімді дистиллятор, құрғақ ауалы электрлі термостат, BL - моделді электрондык жоғары дәл таразы, С 830 Р моделі pH - метр, 6300 моделді шешуші мүмкіндіктері жоғары жарык сәулелі жаңа спектрофотометр, биологиялык препараттар, химиялық реактивтер, лабораториялық жабдықтар алынды. Оқу процесіне керек болатын жаңа приборлар, реактивтер, түрлі көрнекі құралдарға, зертханалық жабдықтарға, онан әрі толықтыру мақсатында сұраныстар жүргізілуде.
Адам анатомиясы және физиологиясы, зоология, ботаника, химия зертханалары және экология кабинеттерінің бүгінгі күндегі жабдықталуы канағаттанарлық дәрежеде. Кафедрада өтілетін пәндер, зертханалық, практикалык жаттығулар окулықтармен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілу дәрежесі канағаттанарлық. Кафедра профессор-оқытушыларының сұраныстары, ізденулері және университет басшыларының ықпал етуімен, жәрдемімен кафедраның материалдық-техникалық базасы күн санап толыктырылуда.
Ж.БАТЬКАЕВ, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор.
ӨТКЕН ТАРИХЫМЫЗ - ӨЗ ЕНШІМІЗ
«Сырдария» университетінің іргелі кафедраларының бірі - «Тарих» кафедрасы. 1998 жылдан «Тарих және қоғамдық пәндер» деп аталып, жеке шаңырақ көтерді. Кафедра ашылғаннан бүгінгі күнге дейін білікті де тәжірибелі ғалым-ұстаздар басқарып келеді. Алғашқы кезде кафедраны доцент К.Қаражігітова, одан кейін доценттер Ө.Алтаев,
Р.Жарқынбаева, С.Мамыраймов, профессор М.Х.Асылбеков басқарды. Кафедра 2004-2005 оку жылдарында «Тарих және география», ал 2005 жылдан бастап «Тарих» кафедрасы деп аталып, оны тарих ғылымдарының кандидаты С.Апашева қазіргі таңға дейін басқарып келеді.
Кафедрада ғылыми-зерттеу жұмысы да жүйелі жолға қойылған. Кафедрамыздың ақсакалы, ҚР ҰҒА-ның академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, профессор Мәлік-Хайдар Асылбековтың берер өнегесі көп. Ғалымның 150 ғылыми еңбегі, оның ішінде 5 монографиясы жарық көрген. Кафедраның профессор- окытушылары: Айтбай Тілесов, Сабира Апашева, Серік Мамырайымов, Әлияш Дүйсекова кандидаттык диссертацияларын сәтті қорғап, ғылым кандидаты атағын алды.
Кафедраның оку-әдістемелік жұмыстары да жүйелі жолға Койылған. Кафедраның профессор-оқытушылары 56 пәннен әдістемелік-кешен (силлабус), 25 оку-әдістемелік құрал жазып дайындаған.
Кафедраның ұйымдастыруымен «Тарих» мамандығының студенттерінің қатысуымен қазірге дейін өлкеміздегі ортағасырлык Үтіртөбе, Шыңғыстөбе (Сүткент) калаларының орнында археологиялық қазба жүмыстары жүргізіліп, зерттелді.
Қорыта айтқанда, «Сырдария» университетінің «Тарих» кафедрасы - ел болашағы үшін мәдени мұраны сақтап калудың басты кепілі.
С.АПАШЕВА, «Тарих» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты.
НЕСИЕЛІК ЖҮЙЕНІҢ НАҚЫШТАРЫ
XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар денгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек», - деп ҚР Президенті «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халкына Жолдауында атап өткендей, бүкіл қазақстандықтардың толыққанды білім алуға қолжетімділігін қамтамасыз ету өзекті мәселеге айналып отыр.
Елімізде білім беру саласына баса назар аударылып, өркениетті мемлекеттердегі талаптарға сай реформалар енгізіліп және соның әсерінен білім беру орындарындағы оку-тәрбие ісінін тиімділігі арта түскені белгілі.
Білім беру жүйесі бүкіл әлем деңгейіне коғамдык дамудың өлшеміне айналды. Сапалы білім беру аркылы білікті маман даярлау - заман талабы.
Білім берудің халықаралық стандарттарына өтуге деген талпыныс «Сырдария» университетінде де көрініс табуда.
Жоғары оқу орындарында оқу үрдісін несиелік оқыту жүйесіне өткізудегі басты мақсат – мамандардың әлемдік сұранысқа, бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік жасау. Несиелік оқыту жүйесі студенттің оқу үрдісіне белсенді түрде қатысуын, өз бетінше жұмыс істеуіне тұрақты дайындалуын, ал окытушының өз пәніне деген жауапкершілігінін артуын, үздіксіз ізденісте болуын талап етеді.
Оқытудың несиелік жүйесі - күнделікті бақылауды қарастыратын, әлемнің жетекші университетінде кеңінен қолданыс тапкан, оқу үрдісін ұйымдастыру технологиясын заманға сай, жаңаша жүргізуді көздейтін жүйе.
Бұл жүйенің артықшылығы ретінде студенттерді оқу үрдісімен күнделікті және белсенді түрде айналысуға ынталандыратын, әрбір білім алушыға, таңдап алған пәндерді оқу және баламалы курстарды игеру аркылы, өз кабілетіне сай бағдарлама құру бойынша білім алуға мүмкіндік беретінін баса айтканымыз жөн. Сондай-ақ, несиелерді алдын ала тапсыру арқылы білім беру бағдарламаларын жедел түрде игеруге жагдай туғызумен қатар, олардың шығармашылық дамуына, өз бетінше іздену қабілетін жетілдіруге жол ашады.
Серік МАМЫРАЙЫМОВ, «Сырдария» университетінің оқу бөлімінің бастығы, тарих ғылымдарының кандидаты.
БІЗДІҢ ҰРАН:
БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ САПАЛЫ БІЛІМ; ӨНЕГЕЛІ ТӘРБИЕ!
«Сырдария» университеті 1998 жылы 27 шілдеде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы негізінде құрылған. Бүгінде «Сырдария» университеті -қанатын кеңге жайған, қалыптасқан, өзіндік дәстүрі өріс тапқан еліміздегі жоғары оқу орындарының бірі. Университетте біліктілік талаптарына сай жалпыға бірдей міндетті білім стандарттарына сәйкес жаңа технология-кредиттік жүйеде білім береді.
Университетте «Филология», «Гуманитарлық білім», «Физика және математика»,
«Экономикалык білім», «Сырттай оқу», «Химия және биология», «Өнер», «Дене шынықтыру және спорт» факулътеттері бар.
Сонымен бірге «Өнер» мектебі, шетелдік қазақ диаспорасы үшін (оралмандар) дайындық бөлімі ашылған. Түлектерге Қазақстан Республикасы мемлекеттік үлгісіндегі диплом беріледі.
Біздің мекенжай:
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі, 11.
Телефондар: 8 (72534) 6-30-00, 6-14-63
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет
Жаңа пікірді жазу