Кәсіби бағдар беру жұмысы

Ж.А. Тәшенев атындағы университеті, “Ағылшын тілі” кафедрасының оқытушылары Түркістан облысы, Түркістан қаласына барып, бітіруші түлектермен кездесіп, кәсіби бағдар беру мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында оқушыларға университеттің білім беру бағдарламалары, оқу артықшылықтары мен мүмкіндіктері, студенттік өмір және түлектерге арналған перспективалар туралы толық ақпарат берілді. Кездесуде оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, университетке түсу шарттары мен білім беру бағыттары бойынша кеңестер алды. Сонымен қатар, университеттің материалдық-техникалық базасы, білім алушыларға арналған гранттық мүмкіндіктер, ғылыми және шығармашылық жобалар туралы да мәлімет берілді.  
Бұл кездесу Түркістан қаласындағы мектеп түлектеріне болашақ мамандықты таңдауға бағыт-бағдар беріп, олардың сенімді шешім қабылдауына көмектеседі деген сенімдеміз. Университетіміз жастардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасап, олардың жеке және кәсіби тұрғыдан дамуына қолдау көрсетуге әрдайым дайын.  
Болашақта осындай іс-шаралар жалғасын тауып, білім беру сапасын арттыруға ықпал ететін болады.
 

Оқиға категориялары