BRITISH MANAGEMENT UNIVERSITY-ДЕ СТУДЕНТТЕРДІ ОҚЫТУ

ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ BRITISH MANAGEMENT UNIVERSITY-ДЕ СТРАТЕГИЯЛЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ АЛМАСУ АЯСЫНДА ОҚЫП ЖАТЫР 

2025 жылғы 14–26 сәуір аралығында Ташенев университетінің 21 студенті мен 3 оқытушысы British Management University (BMU) базасында халықаралық академиялық бағдарлама аясында білім алуда.
Бұл оқу бағдарламасы біздің университеттер арасындағы ұзақмерзімді стратегиялық әріптестіктің нәтижесінде мүмкін болды. Осы әріптестік аясында тұрақты түрде академиялық алмасулар, бірлескен білім беру бастамалары мен ғылыми жобалар жүзеге асырылады. Мұндай ынтымақтастық — білім сапасын арттыру мен халықаралық интеграцияға сенімді қадам.
Студенттер оқып жатқан академиялық бағдарлама заманауи құзыреттерді қалыптастыратын негізгі пәндерді қамтиды:
Introduction to Information Technology (Ақпараттық технологияларға кіріспе)** 
— Студенттер IT-инфрақұрылымның негіздерімен, цифрлық құралдармен, киберқауіпсіздікпен, бағдарламалау негіздерімен және деректерді өңдеу принциптерімен танысады. Бұл курс заманауи бизнесті және басқарушылық шешімдерді қалыптастырудағы технологиялардың рөлін түсінуге көмектеседі.
Introduction to Business for Management (Менеджментке арналған бизнеске кіріспе)** 
— Бизнес ортасы, менеджердің рөлі, шешім қабылдау процестері, маркетинг пен қаржы негіздері қамтылған базалық пән. Оқу үдерісі нақты кейстер мен практикалық ойлауға негізделген.
Global Issues (Жаһандық мәселелер)** 
— Бұл курс тұрақты даму, климаттың өзгеруі, халықаралық қауіпсіздік, экономикалық теңсіздік және мәдени әртүрлілік сияқты жаһандық сын-қатерлерді ашады. Студенттер әлемдік оқиғаларды талдауға және сыни ойлауға машықтанады.
International Academic English (Халықаралық академиялық ағылшын тілі) 
— Интенсивті тілдік дайындық: академиялық жазу, көпшілік алдында сөйлеу, іскерлік коммуникация және халықаралық хат-хабар жүргізу дағдылары. Менеджмент пен бизнес салаларына қатысты терминологияға ерекше назар аударылады.
Студенттер оқу бағдарламасынан тыс белсенді қатысуда: 
• Шахмат турнирі 
•⁠ ⁠«Заковат» интеллектуалдық ойыны 
•⁠ ⁠Волейбол матчтары 
•⁠ ⁠Tashkent City Mall, Magic City, Ескі қала және UzAuto Motors зауытына экскурсиялар
Оспан Нұрмұхаммед, ИЭФ 24-15А тобының студенті:
«Бұл бағдарлама — мүлде басқа деңгейдегі оқу. Біз тек білім алып қана қоймай, оны тәжірибеде қолданамыз, халықаралық оқытушылармен тілдесіп, ой-өрісімізді кеңейтеміз. Бұл — баға жетпес тәжірибе!»
Парида Байнеева, Ташенев университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры:
«Біздің білім беру стратегиямыз — әрбір студенттің үздік халықаралық тәжірибеге қол жеткізуін қамтамасыз ету. BMU-мен әріптестік студенттерімізге кәсіби әрі тұлғалық дамуға ерекше мүмкіндіктер ашады».
Stories пен жарияланымдарды бақылаңыз — студенттер сапардың ең жарқын сәттерімен бөлісуде!
 

Оқиға категориялары