КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ФОРУМЫНДА БОЛАШАҚ МАМАНДАР БАС ҚОСТЫ
- 1 view
22 ақпан 2025 жылы «Көрме» орталығында BraveStudy компаниясының ұйымдастыруымен еліміздің жетекші жоғары оқу орындары қатысқан ауқымды кәсіби бағдар беру іс-шарасы өтті. Форумға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 100-ден астам университет өкілдері жиналып, студенттер мен мектеп түлектеріне өз оқу бағдарламалары мен мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынды. Қатысушылар еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтармен танысып, болашақ мансаптарына дұрыс бағыт-бағдар алу мүмкіндігіне ие болды.
Біздің университет бүгінде 9000-нан астам студентке сапалы білім беріп, бакалавриаттың 13 және магистратураның 5 бағыты бойынша оқыту бағдарламаларын жүзеге асыруда. Студенттеріміз үшін жайлы жатақханалар, заманауи инфрақұрылым мен әлемдік деңгейдегі білім беру мүмкіндіктері қарастырылған.
Университет ағылшын тілінде Management Information Systems және Business Administration бағдарламаларын ұсынады. Сонымен қатар, IT, дизайн, бизнес-әкімшілік, білім берудегі көшбасшылық және менеджмент бағыттары бойынша Ұлыбританияның Queen Margaret University және Keele University университеттерімен бірлескен қос дипломды бағдарламалар жұмыс істейді.
Кәсіби бағдар – табысты болашақтың кепілі! Біздің университет сізге өз әлеуетіңізді ашуға және арманыңыздағы мансапқа қадам басуға көмектеседі!
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
Жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет