Кәсіби практика байланысты конференция

Ж.А.Ташенев атындағы университет Филология факультетінің 6В01701- Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау ББ бойынша ФИ 21-1к тобының білім алушылары кәсіби практикаға бару  мақсатында конференция ұйымдастырды. Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының  ф.ғ.к., доценті А. А.Мамыт кәсіби практиканың мақсаты мен міндеттері жайлы түсіндіріп өтті. Кафедраның меңгерушісі ф.ғ.к.,доценті З.Т. Жантасова студенттерге сәттілік тілей отырып, кафедраның профессор- оқытушыларымен үнемі байланыста болуын ескертті. Практикаға жауапты және аталған топтың тәлімгері ретінде аға оқытушы Р.А.Арынбаева білім алушылардың құжаттарын рәсімдеуі туралы мәлімет берді. Кафедраның профессор-оқытушылары ФИ 21-1к тобының білім алушыларын ақылдаса отырып,  қала мектептеріне бөліп, олардың кәсіби практикадан ойдағыдай өтуіне жағдай жасады.