«Жанның түсі» атты шебер-сынып

Ж.А.Тәшенев атындағы университеті «Бастауыш білім және өнер»  факультеті, «Өнер және саз»  кафедрасы 2024 жылдың 10-қыркүйекінде Шымкент қаласының Металлург мәдениет және демалыс саябағында  музыкалық білім білім бағдарламасының бірінші курс студенттерімен креатор,өнертанушы, РһD докторы, кафедраның аға оқытушысы Есенова Ханзада Азимханқызының ұйымдастыруымен «Жанның түсі» атты тақырыпта шебер-сынып өткізілді. Студенттердің музыканы қабылдау ерекшелігін анықтау мақсатында тренинг жаттығулар жасалды.Қазақтың ұлттық аспабы қобыздың үнінен шыққан әуенді ақ қағаз бетіне түсіру және оны өзі таңдаған түспен бояу арқылы әр студенттің жеке басына мінездеме беріліп, көпшілік алдында талқыланды.Студенттер үшін бұл ерекше тренинг болды. Шебер-сынып өте тартымды әрі қызықты болды. Студенттер өздерінің ішкі түйсігінен туындаған суреттеріне талдау жасады.