УНИВЕРСИТЕТІМІЗГЕ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАС ТАЛАПКЕРЛЕРІ ТАРТЫЛМАҚ

Университетіміздің кәсіби бағдар беру жұмыстарының жоспарына орай 2024 жылдың 26 сәуірінде Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Ғалымжан Шәмшідінұлы Битұрсын мен ІТ, экономика және құқық факультетінің деканы Альмара Еркінқызы Наурызбекова Тараз қаласына іс-сапарға барды. Университет проректоры “JAMBYL” облыстық телеарнасының “Рауан” таңғы бағдарламасында Жұмабек Тәшенев университеті туралы жалпы ақпарат және жоғары оқу орнының бағыты мен артықшылықтары туралы сұхбат берді. Сонымен қатар олар Жамбыл облыстық Білім басқармасымен кездесу ұцымдастырып, нақты келісімдерге қол жеткізіп қайтты. Нәтижесінде, Жамбыл облыстық телеарнада Ж.Тәшенев университеті туралы жарнамалық ақпараттар жарияланып тұрады. Сондай-ақ университетіміздің профессор-оқытушылар құрамы тұрақты түрде сұхбат беретін болады.

Оқиға категориялары