Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Баршаңызды ұлттық, төл мерекеміз, жыл басы Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен  құттықтаймын!

Іргесі сөгілмес бірліктің берекесі мен ырысы төгілмес тірліктің мерекесіне айналған Наурыз – айбыны асқан, түп- тамыры терең, тағылымы мол өнегелі өркениетіміздің өлшемі іспеттес.

Ұлт тарихының тұңғиығына үңілер болсақ, қадым замандарда-ақ көктемнің алғашқы күнінде ағайындар бір-бірімен қауышып, көңілдегі кірбің мен ренішті кешіріп, "бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып" бір- біріне қолұшын созып, тағам үлестіру үрдісі қалыптасқанын бағамдаймыз.

Зерделей білсек, Наурыз – күн мен түннің теңеліп, тіршілік атаулының жанданатын кезімен тұспалдасып жатқан уақыт қана емес, ұлысымыздың ұйытқысына, халықтардың береке-бірлігіне негіз болған кезең екенін аңғаруға болады.

Көктем мен жаңаруды айшықтайтын Наурыз мерекесі отбасыңызға бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық алып келсін! Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын!

"Сырдария" университетінің ректоры, профессор С.С.Дайырбеков