Белсенді жастар студенттер слетінде жоба ұсынды

Жуырда Астана қаласында «Мeta MEET» тақырыбымен XIX республикалық студенттер Слеті өтті. Еліміздің барлық жоғары оқу орындарының белсенді жастары қатысқан слетке университетіміздің жастар саясаты бөлімінің басшысы Дариға Төлеген мен студенттік өзін-өзі басқару ұйымының белсенді студенттері барып келді. 
Қазақстан студенттері Альянсының ұйымдастыруымен өткен шарада елімізге танымал азаматтармен еркін форматта кездесу болды. Сонымен қатар еліміздің әр аймағынан келген студенттер жастар арасындағы әлеуметтік мәселелерді шешу жолдарын анықтау мақсатында өткен "MetaHack" іс-шарасына қатысты. 
Tashenev University белсенділері «MetaHack» байқауында N.E.E.T. санатындағы жастарды азайтуға арналған «AntiNEET» жобасын ұсынып, ерекше интеллектуалдылығымен көзге түсті. Университетіміздің атынан барған белсенді студенттердің өкілдері өңірлердегі Альянстық жастармен танысып, тәжірибе алмасты. 
Үш күнге созылған XIX республикалық студенттер слетінің 2-ші күнінде қатысушылар Ғылым және жоғары білім комитетінің басшысы Абылайхан Ақеркемен кездесіп, пікір алмасты. Осы күні белсенді жастарымыз «ASK IQ» 6 кезеңнен тұратын интеллектуалды сайысына қатысып, ақтық мәреде бақ сынады. Аймақ жастарының бір-бірімен байланысын арттыру үшін қызықты ойындар ұйымдастырылды.
Енді университетіміздің жастары “Қазақстан Студенттік Альянсымен” келісе отырып, оқу орнымызда Жастар Альянсы клубын ашуды жоспарлап отыр.
 

Оқиға категориялары