Университет мақтаныштары

Розигүл Сайфуллаева университетіміздің Педагогика және психология факультетінің «Бастауышта білім беру» мамандығы бойынша оқып жүрген 1-курс студенті. 
Ол ес білгелі сурет салуды серік еткен. Шығармашылық жұмыстарды жақсы көретін Розигүлдың бойында сурет салумен қатар, тоқыма өнері, тігіс тігу және тәттілерді әзірлеу қасиеттері дарыған. Мектепте жүріп-ақ аудандық, облыстық және республикалық жарыстарға қатысып, 30-ға жуық марапатқа ие болған. Алматыда өткен 3 күндік жарыста 20-ға жуық сурет салып, танымал суретшілердің оң бағасын алады. Онда бір картинаны 15-20 мың теңгеге бағалап алып кеткендер көп. 
Розигүл өзі білім алып жүрген мамандығы бойынша балалармен жұмыс істегенді жақсы көреді. «Балаға ұрысып сабақ оқытуға болмайды. Егер ұрыссаңыз оны аша алмайсыз. Керісінше олармен еркін әңгімелесе отырып, ойындар ұйымдастыру арқылы оның қабілетін ашқан дұрыс. Кез-келген адамда бір дарын болады. Біз соны көре білуіміз керек»,-- дейді болашақ ұстаз. Безендіруді, әрлеуді жақсы көретін ол адамдарға пайдам тисе дейді. 
Университетіміздің мақтанышы Розигүл сонымен бірге әскери салаға да қызығады. Жоғары сыныпта оқып жүргенде осы сала бойынша облыстық жарысқа қатысып, автоматты шашып жинау уақыты бойынша рекордтық көрсеткіш көрсеткен. Демек, қайсар қыз Отанын және өзін қорғауға дайын. 
Біз Розигүлдей студеттерімізбен мақтанамыз!
 

Оқиға категориялары