“Ұлтты Абайша сүю“ тақырыпта Online форматта ашық дәріс
- 1 view
«Әдебиеттануға кіріспе» пәнінен онлайн ашық сабақ
Тақырыбы: Ұлтты Абайша сүю
6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Топ: ҚТ-10
Курс: 1-курс
Оқытушы: ф.ғ.к., доцент Абенова Л.У.
"Сырдария" университеті «Филология және гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы, филология ғылымдарының кандидаты, абайтанушы Абенова Ләззат Усманқызы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында «Ұлтты Абайша сүю (Абай мұрасының тұлға қалыптастырудағы рөлі)» деген тақырыпта Online форматта ашық дәріс өткізді.
Дәріске университет профессор-оқытушылар құрамы мен «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының студенттері мен магистранттары қатысты.
Дәріс барысында ақын өлеңдеріне жас ұрпақты үңілдірудің, Абай ойларын жастардың бойына сіңірудің тура жолын іздестіру және дана ойшылдың мұраларын зерделеумен қатар оны бүгінгі қоғамда қолдану аясын кеңейту жолдары қарастырылды.
Абай ілімі - адам баласын ұлтына, дініне, нәсіліне қарап айырмайтын, бүкіл адамзатқа ортақ рухани ілім екендігі және Абай ілімі адам баласының ең жоғарғы мақсатын көрсетеді, ол мақсатқа жету жолын ашады және ол мақсатқа қалай жету керек екенін білдіреді деген ой қозғады.
Лектор «Қазіргі қоғамда түрлі ақпараттар толқыны, батыстық экспансия өз балаларымызды бауырымыздан, ұлттық әдебиеттен, ұлттық музыкадан бөліп алып жатқан заманда адам жан-дүниесін рухани жаңғыртуы тиіс.
Ал жаңғырудың негізгі кілті - Абай ілімінде жатыр», - деген қорытындыға келді.
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет