Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бірыңғай сағаты
- 1 view
Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Мемлекеттің дамуына зиян келтіретін індетке қарсы күресуді күшейту мақсаты алдымызда тұр. "Сырдария" университеті Республика көлемінде өтіп жатқан іс-щара жоспарына орай профессор-оқытушылар және студенттердің қатысуымен "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бірыңғай сағаты" атты семинар өткізді.
Семинарды ұйымдастырған Оқу істері жөніндегі проректор, т.ғ.к., доцент С.С. Мамраимов қазіргі күнде өршіп отыр жемқорлық қоғамның дамуын тежейтін фактор екенін айтып өтті: "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу мақсатында университет профессор-оқытушылар құрамымен жылына бір рет, студенттер арасында екі рет сауалнама өткізіледі. Сонымен қатар емтихандардың 70%-ы тест түрінде қабылданады. Жастар комитетінде сенім жәшігі жұмыс істейді.
"Сыбайлас жемқорлықпен күресуде дамыған елдердің тәжірибелері елімізде қолданысқа еніп жатыр. Эстония, Сингапур секілді дамуы ілгері елдерде қарым-қатынас техникаландырылып, адам факторының әсері азайған. Озық елдердің тәжірибелерін пайдалану үрдісі елімізді де қолға алынған. Мәселен, электронды үкімет порталы арқылы көптеген құжаттардың рәсімделетіні дәлел бола алады".
Семинар бағдарламасы бойынша "Құқық және экономика" кафедрасының аға оқытушысы Ихласова Мира Жарбосынқызы "Сыбайлас жемқорлық ұғымы, оның пайда болу себептері" тақырыбында баяндама жасады: "Сыбайлас жемқорлық - (латын тілінен "соrruptio" - пара беріп сатып алу, құқық бұзу, құлдырау деген мағынаны білдіреді) деп қоғамдық және саяси қызметкерлердің, лауазымды тұлғалардың сатқындығын, оларды сатып алуды, яғни саяси, экономикалық, әскери және тағы басқа да салалардағы қызметкерлердің қолындағы билігінің мүмкіндіктерін және қызмет бабын жеке басын байыту мақсатында пайдалануын айтады". Семинар барысында сыбайлас жемқорлықтың өзіне тән белгілері, әлеуметтік құбылыс ретіндегі анықтамасы, қазіргі қоғамдағы жемқорлықтың құқықтық анықтамасына негізделмегені баяндалды. Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұйымдық-институционалды, құқықтық, мәдени-этикалық сипаттары түсіндірілді.
Мемлекеттік биліктің дамуына кедергі келтіретін ғасыр індетіне қарсы күресу әрбір адамның міндеті екенін құқықтану мамандықтарының үшінші курс студенттері Еркінбекова Феруза Нұрланқызы, Абдиманапұлы Айдар Шалқарұлы, шетел тілі: екі шетел тілі мамандығының студенті Бектеміс Мейірхан баяндамаларында айтып, өз ойларымен бөлісті. Елімізде сыбайластықты әшкерелеген адамға сыйақы тағайындалатыны және жеке басының қорғалатыны да назар аударылды.
Тәрбие істері және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Н.С.Тленчиева студент жастарға сыбайлас жемқорлық болашағымызға балта шабатынын айтып, оған қарсы бір кісідей жұмыла күресуге шақырды.
Республика көлемінде өтіп жатқан бұл іс-шара тамырын тереңге жайған жемқорлықтың алдын алуға септігін тигізетіні анық. Баршамыз бұл дерттің қозуна, қолайлы жағдай тууына жол бермеуіміз керек.
Сейлиханова НАҒИМА, "Сырдария" университетінің баспасөз хатшысы
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет