СӘТ САПАР, "СЫРДАРИЯНЫҢ" СТУДЕНТТЕРІ!

Бүгін - «Сырдария» университетінде Ақ тілектер ақтарылған күн. 
Университетте бітіруші түлектерге арналған салтанатты диплом тапсыру рәсімі өтті. «Филология және гуманитарлық білім» факультетінде өткен диплом тапсыру рәсімін Ректор Серік Мамраимов ашып, жас мамандарға сәт сапар тіледі. Қамқоршы болып келген ата-аналарға ыстық ықыласын жеткізді. 
Құрметті «Сырдария» университетінің түлектері! Туған өлкенің кадрлық әлеуеті қатарын толықтыруларыңмен құттықтаймын!
Университеттің профессор-оқытушылар құрамы әркез өздеріңмен мақтанады: «Филология және гуманитарлық білім» факультетінің ғалым, ұстаздары өздеріңді түлете отырып, Ақ жол тілейді. Сіздерге қашан және қай кезде болмасын өздерің түлеп ұшқан университеттің есігі ашық: байланыста болып, іздеріңнен еріп келе жатқан іні-қарындас, сіңлілеріңе тірек, шабыт және үміт сәулесі болыңдар.
Құрметті біздің түлектер, қай жерде болсаңдар да сендер үшін жолдарың таза әрі жарқын болсын!
Талапты, батыл, ашық әрі өршіл, білімқұмар болыңдар, өздеріңе, айналаңда жүрген адамдарға сеніңдер және тоқтамаңдар!
Байланыста болып, әркез өз ұстаздарыңды іздеп жүріңдер! Біз сендерге әрқашан тілекшіміз. Өткен сендерді қорғаса, болашақ қанаттандырсын!
Сәт сапар! Ақ жол! 

Ғалым хатшы Ләззат Абенова