Министр Шымкентте
- 1 view
Шымкентте ҚР ЖОО қауымдастығының ұйымдастыруымен “Жекеменшік білім беру серіктестік және әлеуметтік жауапкершілік” тақырыбында ауқымды шара өтті. М. Әуезов атындағы ОҚУ-да өткен жиынға ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Шымкент қаласындағы және еліміздің өзге өңірлеріндегі жекеменшік жоғары оқу орындарының басшылары қатысты.
Жиында сөз алған университетіміздің Вице-Президенті Оңалбай Аяшев Tashenev University туралы, оқу орнының шығу тарихын, алдағы жоспарлары мен ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Келешекте білім ордасының 21 гектар аумақта арнайы қалашығы бой көтеретінін, онда үлкен ғылыми орталық корпусымен бірігетін 7 қанатты оқу ғимараты, тәулік бойы қызмет көрсететін 3 кітапхана, 2000 студенке лайықталған 4 жатақхана, оқытушы-профессорларға арналған 9 қабатты 3 тұрғын-үй кешенінің салынатынын атап өтті. Оған шетелдік инвесторлардың да тартылғалы отырғанын сөз етті.
Жиында ЖОО қауымдастығының Президенті Рахман Алшанов жекеменшік оқу орындарына ерекше қолдау көрсету қажеттігін айтты. Ал, ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек келешекте мемлекеттік және жекеменшік деп бөлмей, бір бағытта қолдау көрсетілетіндей жоба жасалынатынын жеткізді.
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет