Ішкі академиялық ұтқырлық

«Химия және биология» кафедрасының жоспарлы ішкі академиялық ұтқырлық және ЖОО-ның оқытушы профессорлық құрамымен тәжірибе алмасу аясында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетінің «Жаратылыстану ғылымдары, нанотехнологиялар және жаңа материалдар» Ғылыми Зерттеу Институтының бас ғылыми қызметкері Биология ғылымдарының докторы, профессор ҰАШҒА академигі, ҚР-ның педагогика ғылымдар академиясының академигі, Монғолия Ұлттық Ғылыми Академиясының академигі, Аралбай Нұғман Күлдәрбекұлы 6В01505 Биология мұғалімдерін даярлау, 6В05101 Биология, 6В01510 Биология география мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасында білім алушы студенттерге Биология ғылымының негізгі салалары тақырыбында дәріс өтті. Дәрісте Жаратылыстану ғылымдары - табиғатты зерттеумен айналысатын ғылымдардың жиынтығы туралы көптеген мәселелер мен ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу бағыттары бойынша мәліметтер келтірді. Дәріс өте қызықты өтті. 
Әріптестік қарым-қатынасымыз нығая беруіне тілектеспіз.
 

Оқиға категориялары