Star-up «DIGITAL STUDENT – 2024»

2024 жылдың 27 ақпан күні «Экономика және құқық» кафедрасының студенттері Star-up   жоба «DIGITAL STUDENT – 2024» конкурсына қатысты.   Конкурсқа 2 курс студенттері  6В014-«Бизне управление» бағыты білім беру бағдарламасы бойынша:  6В04101 - «Учет и аудит» Сайдикрамов Закир, 6В044102 - «Финансы» - Битас Асель, 6В04103 -«Экономика»  - Мацукова Дарья,  6В04104 - «IT-менеджмент» - Намазбаев Мейіржан тақырыбы: «Разработка  приложения «FINANCE OPTIMUM»  (оптимизация  финансового портфеля банка)»».  және  2 курс студенттері  6В049 - «Құқық» бағыты білім беру бағдарламасы бойынша: 6В04202 - «Бизнес и право» - Баймахан Бекзат,  6В04201 - «Правоведение» - Әбдез Ғани,  тақырыбы: «Разработка приложения «PORTRAIT OF CRIMINAL» (психологческий портрет преступника) жобаларын қорғап І-дәрежелі дипломмен марапатталды. 
Ғылыми жетекшілер: білім беру бағдарламалары бойынша 6В04103 - «Экономика» – ғылыми жетекшісі: э.ғ.к., аға оқытушы  Демесинова А.А., 6В04101 - «Есеп және аудит» -  ғылыми жетекшісі: магистр, аға оқытушы - Абдурахманова З.А.,  6В044102 - «Қаржы» - магистр, аға оқытушы - Аширбаева С. Б., 6В04104 - «IT-менеджмент» магистр, оқытушы Жасан Г. Ж., 6В04202 - «Бизнес және құқық» магистр, оқытушы - Ергебекова А. О.,  6В04201 - «Құқықтану» – магистр, аға оқытушы - Уйсынбаева Клара Мулдагалиевна алғыс хаттармен марапатталды. 
Конкурстың өткізу мақсаты - конкурсқа қатысушылардың инновациялық қызмет саласындағы кәсіпкерлік бастамаларын жүзеге асыру, бәсекеге қабілетті тұлғаны, әлеуметтік жауапкершілік пен кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау.
Конкурстың міндеттері: жастардың іскерлік белсенділігін дамыту; оларды іске асыруға одан әрі жәрдемдесу үшін перспективалы инновациялық бизнес-жобаларды іріктеу; кәсіпкерлік қызметте инновациялық ойлауды қалыптастыруға ықпал ету; Қазақстан Республикасындағы Start up-қозғалысын қолдау және дамыту.

«Экономика және құқық» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерді шын жүректен құттықтаймыз!
 

Оқиға категориялары