Екі тараптың ынтымақтастық мүмкіндіктері қарастырылды
- 1 view
Tashenev University бірқатар шетелдік жоғары оқу орындарымен серіктес. Соның бірі -- Ресейдегі М.В.Ломоносов атындағы Солтүстік (Арктикалық) федералдық университеті. Ресейдің федералды университеттерінің бірі саналатын бұл оқу орны Архангельск қаласындағы жоғары білім ордасы. Өңірдегі бірнеше жоғары оқу орнын біріктіру арқылы құрылған оқу орнының құрылымында 8 жоғары мектеп және 2 институт бар.
Университетіміз осынау іргелі оқу орнымен серіктестікте жұмыс істеп, өзара байланыс орнатып тұрады. Жуырда екі тараптың басшылық құрамымен ынтымақтастық перспективаларын талқылау бойынша бейнеконференция арқылы кездесу болып өтті. Оған САФУ халықаралық және өңіраралық ынтымақтастық бойынша ақпараттық саясат жөніндегі проректоры С. Зайков, оның орынбасары Л. Зарубина, халықаралық академиялық ұтқырлық орталығының директоры Е. Шиман және біздің университеттің ректоры Қ. Байболов бастаған барлық басшылық құрам қатысты.
Екі жақты жобаларды үйлестіру аясында өткен басқосуда негізінен қос дипломды білім беру бағдарламалары талқыланды. Педагогика-психология, орыс тілі мен әдебиеті педагогтерін даярлау, IT менеджмент білім беру бағдарламалары төңірегінде сөз болды. Оқытушылар және студенттер арасындағы өзара академиялық ұтқырлық мәселелері қарастырылды.
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет