"KINOALEM" ашылды

Сырдария университетінде «KINOALEM» атты кинотеатрының ашылуы болып өтті.

Ашылу салтанатының қадірлі қонағы ретінде «Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әділхан Асоуов, «Жаңа Жетісай» газетінің бас редакторы Алтынбек Тастанбеков, «Cанұр TV» телеарнасы директоры Гүлмира Саржанова қатысты.

Кинотеатрдың ашылу мақсаты - жастардың, аудан, қала тұрғындарының мәдени демалысын ұйымдастыру.

Аудан тұрғындары, қала қонақтары, сондай-ақ студент жастары Жетісай қаласында кинотеатр ашылғанына өз алғыстарын білдірді.