Оқу-әдістемелік семинар өтті

2024 жылдың 22 ақпан күні Білім беру бағдарламаларын әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің ұйымдастыруымен «Қазіргі білім беру саласындағы жаңа технологияларды қолданудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында жас оқытушылар арасында оқу- әдістемелік семинар өтті. 
    Білім беру бағдарламаларын әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы З.М. Оралова семинар бағдарламасымен таныстырып, сөз кезегін Оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор П.Т. Байнееваға берді. Өз сөзінде П.Т. Байнеева бүгінгі таңдағы білім беру сапасын арттыруды, әрі оған аса мән беруді, дәрісте оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану керектігін айтып өтті. 
    Келесі кезекте БББӘҚ бөлімінің бас маманы М.Т. Сатыбалдиева «ЖОО-да оқытуды ұйымдастыру нысандары» тақырыбында дәріске қойылатын талаптар, дәріс қызметтеріне және дәрістің түрлеріне тоқталып өтті.
    «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы В.И. Нахипова «Білім берудегі жаңа инновациялық технологиялар» тақырыбында дәріс, практика сабақтарында wordwall, baamboozle, google disk платформаларын қалай сабақта қолданып, оның сабақта қалай пайдану керектігін, тиімділігін көрсетті. Студенттердің сабақ барысында көрсеткен тапсырмалар тізбегін, әдіс-тәсілдерді жіті көрсетіп берді.
    «Педагогика және бастауышты оқытудың әдістемесі» кафедрасының  аға оқытушысы А.К. Архабаева сабақта қолданатын бірнеше тренинг оқытушылардың қатысуымен көрсетті.
     Семинар соңында пікірлер айтылып, кері байланыс берілді. 
 

Теги: