«Жасанды интеллект және робототехника» орталығымен таныстыру

18.03.2024ж «Мектепке дейінгі оқыту және психология» кафедрасының Пик-24-7к оқу тобының студенттері «Жасанды интеллект және робототехника» орталығымен барып танысты. Ондағы құрылғылармен студенттер жеке танысып қызығушылық танытты. 
Бізде робототехника бағыты үшін қажетті барлық жабдықтар бар: 3-D принтерлер, лазерлік станоктар, роботтар және жарыс алаңы. Бұл студенттерге өз жобаларын әзірлеп, тәжірибеде сынауға мүмкіндік береді.  Біздің миссиямыз – студенттерге заманауи білім алуға, техникалық дағдыларды дамытуға және болашақ цифрлық эканомикаға дайындалуға мүмкіндік беретін  инновациялық орта құру, -дейді «Жасанды интеллект және робототехника орталығының» директоры Арыстан Садуақас.
Жасанды интеллекттің дамуы адамның өмірін жеңілдетуге, жаңа мүмкіндіктер ашуға және көптеген салаларда өндіріс пен қызмет сапасын жақсартуға ықпал етеді.
Жасанды интеллект жүйелерінің ең маңызды міндеті – өздігінен үйрену. Машиналық оқу арқылы жасанды интеллект жүйелері тәжірибе жинақтап, тапсырмаларды тиімдірек орындауға мүмкіндік алады. Бұл міндет уақыт өте келе жүйенің сапасын арттырып, оның өнімділігін жетілдіруге ықпал етеді.
 

Оқиға категориялары