Дөңгелек үстел

«Заманауи іскер әйелдің коды: жағдайы, құқықтары, әлеуметтік жағдайы және мүмкіндіктері»/: «Код современной женщины: положение, права, социальный статус и возможности тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің мақсаты - гендерлік қозғалысты дамытудың өзекті мәселелерін, әйелдер мүддесіне арналған ұлттық іс-қимыл стратегиясының 2023-2030 жылдарға арналған ережелерін іске асыру перспективаларын да талқылауға бағытталған.

Жиында Ректор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, техника ғылымдарының кандидаты, доцент - Байболов Қанат Сейтжанұлы өзінің аталған тақырып бойынша тұжырымды пікірлерін тізбектеп, оқу орнында атқарылып жатқан атаулы іс-шаралар барысымен таныстырды.
Сондай-ақ, Заманауи іскер әйелдің мүмкіндіктері мен қазіргі қоғамдағы іскер әйелдің  құқығы мен әлеуметтік статусы, заманауи іскер әйелдің коды: жағдайы талқыланды.

Шараға Шымкент қаласы Іскер әйелдер Қауымдастығының төрайымы - Ағабекқызы Эльенора, М. Әуезов атындағы ОҚУ, ф.ғ.к., доцент - Абитиярова Айгуль Абитияровна, Түркістан облысының білім басқармасы «№2  арнайы мектеп- интернаты» КММ директоры - Абдуллаева Нағима Ералханқызы, Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ, педагогика ғылымдарының кандидаты - Махмутова Кулсара Исахановна, Шымкент қаласы Білім басқармасының «Мұхамед Хайдар Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 Мамандандырылған гимназия» ККМ- Сахова Айнур Алибековна арнайы қонақ болып, өз пікірлерін білдіріп, резолюцияға ұсыныстарын айтты.